---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/08/27/%d2%9baza%d2%9bstanda-t%d2%b1mau%d2%93a-%d2%9barsy-%d2%9bansha-vakczina-bar/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстанда тұмауға қарсы қанша вакцина бар

![Қазақстанда тұмауға қарсы қанша вакцина бар](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/08/210127103657052a3745790i-1.jpg)

**Қазақстанда тұмауға қарсы «ГРИППОЛ+» екпесі сатып алынды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлім етті, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

> «2024 жылғы 16 тамыздағы №7 қаулыға сәйкес, елімізде тұмауға қарсы вакцина егу биылғы 15 қыркүйектен басталады. Вакцинациялау үшін «ГРИППОЛ+» екпесі қолданылады, өндіруші — Ресей Федерациясы», — делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

«СҚ-Фармация» ЖШС мәліметіне қарағанда, 2024 жылға 2 025 752 тұмауға қарсы вакцинаның көлемі сатып алынды, сондай-ақ 182 000 доза көлемінде қосымша тапсырыс берілді.

Айта кетейік, күз – иммунитеттің әлсіреп, жұқпалы инфекциялардың өршитін мезгілі. Сондықтан, дәрігерлер бұл маусымда ағзаға ерекше күтім қажет екенін үнемі айтып жүреді.

*Фото: depositphotos.com*

---

Жарияланды: 2024-08-27T07:29:25+06:00

Жаңартылды: 2024-08-27T07:29:25+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/08/27/%d2%9baza%d2%9bstanda-t%d2%b1mau%d2%93a-%d2%9barsy-%d2%9bansha-vakczina-bar/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.