Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Білім

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ЖАҢА АКАДЕМИКТЕРДІ ТАНЫСТЫРДЫ

admin by admin
27 августа, 2024
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ЖАҢА АКАДЕМИКТЕРДІ ТАНЫСТЫРДЫ

Алматы, Қазақстан (27 тамыз 2024 ж.) — Бүгін Алматы қаласындағы «Ғылым ордасы» ғимаратында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының жаңадан сайланған академиктерін ғылыми қоғамдастыққа ресми таныстыруға арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға 42 тан аса ЖОО мен 40 жуық ғылыми зерттеу институттарының бірінші басшылары мен өкілдері, сондай-ақ 50-ден астам жас ғалымдар қатысты.

Байланысты

Қазақстан білім беру саласында жаһандық топ-20 қатарына еніп, дамыған жүйелер арасындағы позициясын нығайтып жатыр

Білім беру мен азаматтық қоғамның рөлі жөніндегі ашық диалог

«Аграркаполия»: Жаңа адамдар ҚазҰАЗУ әкімшілігін университет корпустарын сатуды тоқтатуға шақырады

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Қажығұлыұлы Күрішбаев құттықтау сөзінде Қазақстан ғылымы саласындағы жүйелі реформалардың маңыздылығын және ғалымдардың салмақты дауысқа ие болатын жаңа басқару механизмін құру қажеттілігін атап өтті. Ол Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясын құру және оған мемлекеттік мәртебе беру осы жаңа жүйенің негізгі элементі екендігіне баса назар аударды.

Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек өз бейнеүндеуінде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2022 жылғы 1 маусымдағы Ұлттық ғылым академиясына мемлекеттік мәртебе беру арқылы оның рөлін арттыру туралы тапсырмасын еске салды. Ол бұл тапсырманы іске асыру кезеңдерін, соның ішінде «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құруды және Академияға Президент жанындағы ерекше мәртебе беруді атап өтті. Министр сондай-ақ жақында ғана қол қойылған «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заңның ғылым саласындағы соңғы уақыттағы басты жаңалық екенін атап өтті.

Арнайы құттықтау сөзін жіберген Алматы қаласының әкімі Ерболат Асқарбекұлы Досаев Алматы қаласының елдегі ғылым мен білімнің негізгі орталығы екендігін еске салып, Академияның мақсаттары қаланың дамуының негізгі бағдарламаларымен тығыз байланысты екенін баса айтты. Ол жаңа академиктерді лайықты атақтарымен құттықтап, отандық ғылымның дамуына айтарлықтай үлес қосқандығын атап өтті.

Жаңадан сайланған академиктерге дипломдар мен төсбелгілерді ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Жұмақанұлы Ахмед-Заки ресми түрде табыс етті.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Жаңадан сайланған академиктердің тізімі және олардың ғылыми қызметінің негізгі бағыттары осы пост-релизге қосымша ақпарат ретінде беріледі.

Бүгінгі іс-шара Қазақстан ғылымының дамуына зор үлес қосқан ғалымдардың жетістіктерін атап өтті. Сондай-ақ ел дамуындағы ғылымның маңызды рөлін айқындап, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының жаңартылған құрамын қалыптастыру үрдісінің бастауын белгіледі.

Осы іс-шара аясында ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының Жас ғалымдар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыста Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Жабагин Мақсат Қизатұлы кеңестің алты айлық жұмысы туралы есеп берді. Жиынға академиктер де қатысып, өзара сабақтастық қалыптасты. Жас ғалымдар отандық ғылымның дамуын талқылап, тың ұсыныстар айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы әр түрлі білім салаларының жетекші ғалымдары мен зерттеушілерін біріктіретін елдегі ең жоғары ғылыми ұйым. Академия Қазақстандағы ғылымның, технологияның және инновацияның дамуында маңызды рөл атқарады, ғылыми зерттеулерге, білімді таратуға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға жәрдемдеседі.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Алматыдағы жетінші аурухана дәрігерлері омыртқасы қатты зақымданған науқастарды шағын инвазивті тәсілдермен емдеп жатыр

Келесі жаңалық

Huawei Partners Conference: серіктестік желіні 1 жылда 114%-ға қалай арттыруға болады

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Қазақстан білім беру саласында жаһандық топ-20 қатарына еніп, дамыған жүйелер арасындағы позициясын нығайтып жатыр
Білім

Қазақстан білім беру саласында жаһандық топ-20 қатарына еніп, дамыған жүйелер арасындағы позициясын нығайтып жатыр

8 апреля, 2026
Білім беру мен азаматтық қоғамның рөлі жөніндегі ашық диалог
Білім

Білім беру мен азаматтық қоғамның рөлі жөніндегі ашық диалог

6 октября, 2025
«Аграркаполия»: Жаңа адамдар ҚазҰАЗУ әкімшілігін университет корпустарын сатуды тоқтатуға шақырады
Білім

«Аграркаполия»: Жаңа адамдар ҚазҰАЗУ әкімшілігін университет корпустарын сатуды тоқтатуға шақырады

23 сентября, 2025
«Қазақстан балалары» онкүндігі аясында «Министрге хат» атты акция өтті
Білім

«Қазақстан балалары» онкүндігі аясында «Министрге хат» атты акция өтті

3 июля, 2025
Алматыдағы UIB университетінде вебтундар жасауға арналған дәрістер мен воркшоптар өтуде
Білім

Алматыдағы UIB университетінде вебтундар жасауға арналған дәрістер мен воркшоптар өтуде

29 мая, 2025
SDU University-де жасанды интеллект зерттеулеріне арналған жаңа блок ашылды
Білім

SDU University-де жасанды интеллект зерттеулеріне арналған жаңа блок ашылды

28 марта, 2025
Келесі жаңалық
Huawei Partners Conference: серіктестік желіні 1 жылда 114%-ға қалай арттыруға болады

Huawei Partners Conference: серіктестік желіні 1 жылда 114%-ға қалай арттыруға болады

ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ЦИФРЛАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУДА

ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ЦИФРЛАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУДА

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

FlyArystan және Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы ерекше қажеттіліктері бар балаларға арнап экскурсия ұйымдастырды

FlyArystan және Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы ерекше қажеттіліктері бар балаларға арнап экскурсия ұйымдастырды

3 июля, 2025
TikTok LIVE-қа арналған жаңа монетизациялау ережелерін ұсынады

TikTok LIVE-қа арналған жаңа монетизациялау ережелерін ұсынады

24 мая, 2024
Талғар ауруханасынан танымал блогерлерді күштеп шығарды

Талғар ауруханасынан танымал блогерлерді күштеп шығарды

24 января, 2021

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматылық онколог: Ерте скрининг қатерлі ісіктен болатын өлім-жітімді азайтудың негізгі жолы болып қала береді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстанда алиментке өтініш беру нұсқаулығы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Jack port Off Sites — Avoiding Jerks With Sex Webcam Girls

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Сақтандыру қазақстандық цифрлық экожүйелерде негізгі орынға ие болуы мүмкін, дейді сарапшы
  • Қатысушылардың рекордтық саны және ондаған ғылыми жаңалықтар: мерейтойлық PRO.NRG FEST 2026 қалай өтті
  • Цифрлық дәуірдегі алаяқтық індеті: Қазақстан онлайн алаяқтыққа қарсы қорғану тәсілдерін қалай жетілдіріп жатыр

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.