---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/08/26/elektrondy%d2%9b-%d2%9baldy%d2%9btar-samsung-electronics-pen-nazarbayev-university-zhastardy%d2%a3-ekologiyaly%d2%9b-sanasyn-%d2%9balaj-%d2%9balyptastyrady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Электрондық қалдықтар: Samsung Electronics пен Nazarbayev University жастардың экологиялық санасын қалай қалыптастырады

![Электрондық қалдықтар: Samsung Electronics пен Nazarbayev University жастардың экологиялық санасын қалай қалыптастырады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/08/img_1541_updated-e1724655057120-1.jpg)

Samsung Electronics пен Nazarbayev University елордалық студенттерді экологиялық санаға бірлесіп үйретуге келісті. Оңтүстік Корея корпорациясы мен Қазақстанның жетекші университеті «Eco-Box» жобасы аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы [Samsung Newsroom Kazakhstan](https://news.samsung.com/kz_kz/)ресми ақпараттық ресурсы хабарлады.

Nazarbayev University-дің кампустарында электронды қалдықтарды жинау үшін Samsung Electronics компаниясының арнайы қоқыс жәшіктері орнатылды. Олардың көмегімен студенттер мен университет қызметкерлері жарамсыз смартфондардан, зарядтағыштардан, планшеттерден, аксессуарлардан және кез келген брендтің басқа да шағын жабдықтарынан қауіпсіз құтыла алады. Келесі кезекте электронды қалдықтар Қазақстан Республикасы заңнамасының арнайы талаптарына сәйкес шығарылады және кәдеге жаратылады. Сонымен қатар, Samsung Electronics мамандары университет студенттері үшін лекциялар мен семинарлар өткізеді, онда ескірген электроникамен қалай дұрыс жұмыс істеу керектігін айтады.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2024/08/img_1548-e1724652485875-768x1024.jpg)

Техникалық құрылғыларды дұрыс кәдеге жарату өте маңызды, өйткені олардың құрамында химиялық заттар бар. Олардың жауапсыз лақтырылуы топырақ пен ауаның ластануына әкеліп соғады, бұл кейіннен қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсер етеді. Сондықтан электронды қалдықтарды сұрыптап, тұрмыстық қалдықтардан бөлек кәдеге жарату қажет.

Nazarbayev University ұзақ уақыт бойы қоршаған ортаны қорғауға деген ұмтылысымен танымал. Университет қабырғасында түрлі «жасыл» шаралар мен бастамалар жиі өткізіліп тұрады. Nazarbayev University мен Samsung Electronics ынтымақтастығы – осы бағыттағы тағы бір қадам.

Samsung Electronics компаниясының экологиялық жобасы қазіргі уақытта Алматыдағы ең ірі университеттерді қамтиды – KIMEP University, Farabi University, AlmaU, Satbayev University, AUES University, Narxoz University, SDU и IITU. Елордада – Nazarbayev University мен Astana IT University.

Exo-Box – Samsung компаниясының ғаламдық Eco-Conscious Service бағдарламасының бөлігі, оның мақсаты – қоршаған ортаға қамқорлық жасай отырып, тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру.

---

Жарияланды: 2024-08-26T14:40:50+06:00

Жаңартылды: 2024-08-26T14:40:50+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Технология](https://qazaqpress.kz/category/tehnologiya/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/08/26/elektrondy%d2%9b-%d2%9baldy%d2%9btar-samsung-electronics-pen-nazarbayev-university-zhastardy%d2%a3-ekologiyaly%d2%9b-sanasyn-%d2%9balaj-%d2%9balyptastyrady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.