---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/08/24/magistratura-bojynsha-memlekettik-bilim-granttaryny%d2%a3-iegerleri-any%d2%9btaldy-toly%d2%9b-tizim-zhariyalandy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Магистратура бойынша мемлекеттік білім гранттарының иегерлері анықталды: Толық тізім жарияланды

![Магистратура бойынша мемлекеттік білім гранттарының иегерлері анықталды: Толық тізім жарияланды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/08/5353010486708395811.jpg)

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 2024-2025 оқу жылына арналған магистратура бойынша мемлекеттік білім гранттарының иегерлерін ресми түрде жариялады, **деп хабарлайды [Qazaqpress.kz.](https://qazaqpress.kz/)**

Бұл гранттар Республикалық комиссияның қорытындысы бойынша тағайындалды, оның құрамында министрліктің, мемлекеттік органдардың, білім саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері болды.

Мемлекеттік білім беру гранттары кешенді тестілеу (КТ) нәтижелеріне сәйкес конкурстық негізде бөлінді. Конкурсқа жалпы саны 15 196 үміткер қатысты, олардың ішінен ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 75 балдан, ал бейіндік бағыт бойынша 30 балдан жоғары жинағандар грантқа ие болды.

Болашақ магистранттардың жоғары оқу орындарына қабылдануы 2024 жылғы 28 тамызға дейін жүргізіледі.

Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің толық тізімімен танысу үшін [сілтемені басыңыз.](https://t.me/optimismkaz/103)

---

Жарияланды: 2024-08-24T05:11:44+06:00

Жаңартылды: 2024-08-24T05:11:44+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Білім](https://qazaqpress.kz/category/bilim/), [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/)

Тегтер: [агистратура гранттары 2024](https://qazaqpress.kz/tag/agistratura-granttary-2024/), [білім гранттары иегерлері](https://qazaqpress.kz/tag/bilim-granttary-iegerleri/), [кешенді тестілеу нәтижелері](https://qazaqpress.kz/tag/keshendi-testileu-n%d3%99tizheleri/), [магистратураға түсу](https://qazaqpress.kz/tag/magistratura%d2%93a-t%d2%afsu/), [мемлекеттік білім гранттары](https://qazaqpress.kz/tag/memlekettik-bilim-granttary/), [Қазақстан магистратурасы](https://qazaqpress.kz/tag/%d2%9baza%d2%9bstan-magistraturasy/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/08/24/magistratura-bojynsha-memlekettik-bilim-granttaryny%d2%a3-iegerleri-any%d2%9btaldy-toly%d2%9b-tizim-zhariyalandy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.