---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/08/23/%d2%afsharal-dosty%d2%9b-avtozholy-a%d2%9byly-bolady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Үшарал-Достық автожолы ақылы болады

![Үшарал-Достық автожолы ақылы болады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/08/8582654ba9727fd29.jpg)

**Ұзындығы 180 шақырымды құрайтын Үшарал-Достық автомобиль жолы ақылы болмақ. Бұл жайында Көлік министрінің Ашық НҚА порталында жарияланған бұйрық жобасында айтылған, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Құжатқа сәйкес, 180 шақырымдық ақылы автомобиль жолмен жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері көліктердің санатына қарай мынадай болады:

*— 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі — тн) дейін жүк автомобильдері үшін алдын ала төлем жасалғанда 1 050 теңгені, кейіннен төленгенде 1 240 теңгені;*

*— 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейін жүк автомобильдері үшін алдын ала төлем жасалғанда 2 130 теңгені, кейіннен төленгенде 2 500 теңгені;*

*— 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейін автопоездар үшін алдын ала төлем жасалғанда 3 180 теңгені, кейіннен төленгенде 3 738 теңгені;*

*— жүк көтергіштігі 10 тоннадан жоғары 15 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін алдын ала төлем жасалғанда 4 260 теңгені, кейіннен төленгенде 5 010 теңгені;*

*— жүк көтергіштігі 15 тоннадан жоғары, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін алдын ала төлем жасалғанда 5 310теңгені, кейіннен төленгенде 6 250 теңгені құрайды.*

Автокөлік құралының түріне және жүк көтергіштігіне байланысты жергілікті автокөлік үшін 1 айлық және 1 жылдық абонементтер қарастырылған.

Атап айтқанда:

*— 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі — тн) дейін жүк автомобильдері үшін 1 айға 3 692 теңге, 1 жылға 44 304 теңге;*

*— 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейін жүк автомобильдері үшін 1 айға 7 384 теңге, 1 жылға 88 608 теңге;*

*— 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейін автопоездар үшін 1 айға 11 076 теңге, 1 жылға 132 912 теңге;*

*— жүк көтергіштігі 10 тоннадан жоғары 15 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін 1 айға 14 768 теңге, 1 жылға 177 216 теңге;*

*— жүк көтергіштігі 15 тоннадан жоғары, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін 1 айға 18 460 теңге, 1 жылға 221 520 теңге болады.*

Айта кетейік, Үшарал-Достық автомобиль жолын ақылы негізде пайдалану мерзімі 20 жыл деп белгіленбек.

Бұйрық жобасы 9 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға шығарылып отыр.

Фото: КазАвтоЖол

---

Жарияланды: 2024-08-23T07:14:47+06:00

Жаңартылды: 2024-08-23T07:14:47+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/08/23/%d2%afsharal-dosty%d2%9b-avtozholy-a%d2%9byly-bolady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.