---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/08/22/%d2%9baza%d2%9bstandy%d2%9btar-endi-shri-lanka%d2%93a-vizasyz-bara-alady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстандықтар енді Шри-Ланкаға визасыз бара алады

![Қазақстандықтар енді Шри-Ланкаға визасыз бара алады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/08/img_0523-scaled.jpeg)

**Шри-Ланка билігі 35 елмен, оның ішінде Қазақстанмен визалық режимді жою туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqpress Zakon.kz-ке сілтеме жасап.**
Бұл туралы елдің министрлер кабинетінің шешімі туралы Dailymirror жазды. 2024 жылдың 1 қазанынан бастап 35 елдің азаматтарына Шри-Ланкаға визасыз кіруге рұқсат беріледі.

Елдер тізіміне Қазақстан, Ресей, Германия, Нидерланды, Австралия, Үндістан, Қытай, Жапония, Канада, Испания және тағы басқа мемлекеттер кіреді.

2023 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шри-Ланка Президенті Ранил Викрамасингхемен кездесуінде визалық режимді жеңілдету және елдер арасында тікелей тұрақты әуе қатынасын орнату маңыздылығына назар аударды.

---

Жарияланды: 2024-08-22T11:34:04+06:00

Жаңартылды: 2024-08-23T04:51:30+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Саяхат](https://qazaqpress.kz/category/sayahat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/08/22/%d2%9baza%d2%9bstandy%d2%9btar-endi-shri-lanka%d2%93a-vizasyz-bara-alady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.