Бұл туралы елдің министрлер кабинетінің шешімі туралы Dailymirror жазды. 2024 жылдың 1 қазанынан бастап 35 елдің азаматтарына Шри-Ланкаға визасыз кіруге рұқсат беріледі.
Елдер тізіміне Қазақстан, Ресей, Германия, Нидерланды, Австралия, Үндістан, Қытай, Жапония, Канада, Испания және тағы басқа мемлекеттер кіреді.
2023 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шри-Ланка Президенті Ранил Викрамасингхемен кездесуінде визалық режимді жеңілдету және елдер арасында тікелей тұрақты әуе қатынасын орнату маңыздылығына назар аударды.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз