---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/08/22/%d2%9basym-zhomart-to%d2%9baev-t%d3%99zhikstan-respublikasyna-memlekettik-saparmen-keldi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Республикасына мемлекеттік сапармен келді

![Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Республикасына мемлекеттік сапармен келді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/08/04d09731fcae6bee7f08809d4e86c2f1.jpeg)

**Мемлекет басшысын Душанбе әуежайында Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қарсы алды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Сапар аясында шағын құрамда және екі ел үкіметтері делегацияларының қатысуымен жоғары деңгейде келіссөздер өтеді.

Сондай-ақ екі елдің cаяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын нығайтуды көздейтін бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Ақорда 22-23 тамыз күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Эмомали Рахмонның шақыруымен Тәжікстан Республикасына мемлекеттік сапармен баратынын мәлімдеген болатын.

Қазақстан мен Тәжікстанды қандай мүдделер тоғыстырады? Kazinform тілшісі осы сұраққа жауап іздеп, екі ел серіктестігінің жай-күйін біліп, қарым-қатынасына шолу жасады.

*Фото: Akorda.kz*

---

Жарияланды: 2024-08-22T09:08:32+06:00

Жаңартылды: 2024-08-22T09:08:32+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/08/22/%d2%9basym-zhomart-to%d2%9baev-t%d3%99zhikstan-respublikasyna-memlekettik-saparmen-keldi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.