---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/08/21/zha%d2%9bynda-%d2%9baza%d2%9bstannan-%d3%99lem-elderine-ashylatyn-zha%d2%a3a-%d3%99ue-rejsteri-any%d2%9btaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жақында Қазақстаннан әлем елдеріне ашылатын жаңа әуе рейстері анықталды

![Жақында Қазақстаннан әлем елдеріне ашылатын жаңа әуе рейстері анықталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/04/1-3-1024x576-1-1280x960-1.jpg)

**ҚР Көлік министрлігі жақын арада қай бағыттарда халықаралық жаңа авиарейстер ашылатынын мәлім етті, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

> «Биылғы қыркүйек айынан бастап «Эйр Астана» әуекомпаниясы А-320 типті ұшағымен «Шымкент-Джидда» бағыты бойынша аптасына 2 рет (сейсенбі, жұма) жиілікпен тікелей рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, 1 қарашадан бастап «SCAT» әуекомпаниясы «Шымкент – Сиань» бағытында рейстерді бастайды», — делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Бұдан басқа, 2024 жылғы желтоқсаннан бастап «Эйр Астана» әуекомпаниясы «Алматы – Куала-Лумпур» бағыты бойынша аптасына 3 рейс жиілігімен Малайзияға тікелей жолаушылар рейстерін қайта бастау мәселесін қарастырып жатыр.

> «Сондай-ақ, орта мерзімді перспективада Токио мен Нью-Йорк қалаларына рейстерді іске қосу жоспарланған», — деп нақтылады ведомство.

---

Жарияланды: 2024-08-21T07:19:53+06:00

Жаңартылды: 2024-08-21T07:19:53+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Саяхат](https://qazaqpress.kz/category/sayahat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/08/21/zha%d2%9bynda-%d2%9baza%d2%9bstannan-%d3%99lem-elderine-ashylatyn-zha%d2%a3a-%d3%99ue-rejsteri-any%d2%9btaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.