---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/08/21/tanymal-%d2%9baza%d2%9bstandy%d2%9b-boksshy-zhan%d2%9bosh-t%d2%b1rarov-bojzhetkendi-zorlady-dep-ajyptaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Танымал қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров бойжеткенді зорлады деп айыпталды

![Танымал қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров бойжеткенді зорлады деп айыпталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/08/1a04e23dbb852751.jpeg)

**Әлеуметтік желіде қазақ боксшысы Жанқош Тұраров қыз зорлағаны үшін күдікке ілінгені туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Qazaqpress Zakon.kz-ке сілтеме жасап.**
2024 жылғы 21 тамызда таңертең әлеуметтік желілерде 2024 жылғы 19 тамызда сағат 23.00 шамасында Әуезов ауданына қарасты ПБ — на 5-шағын ауданда зорлау фактісі болды деген хабар келіп түсті. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері әйелдің оны Жанқош Тұраров зорлады деген арызын қабылдады. Оны ұстау шаралары жүргізілуде.

Алматы полиция департаменті ақпаратқа қатысты былай түсініктеме берді:

*«Келіп түскен арызға байланысты Әуезов аудандық полиция Басқармасы қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр», — дейді Алматы қалалық полиция Департаменті Баспасөз қызметі.*

33 жастағы Жанқош Тұраров кәсіпқой бокспен айналысады. 2023 жылдың 21 наурызынан бастап — бірінші жартылай орта салмақта IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы.

---

Жарияланды: 2024-08-21T07:23:38+06:00

Жаңартылды: 2024-08-21T07:23:38+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Спорт](https://qazaqpress.kz/category/sport/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/08/21/tanymal-%d2%9baza%d2%9bstandy%d2%9b-boksshy-zhan%d2%9bosh-t%d2%b1rarov-bojzhetkendi-zorlady-dep-ajyptaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.