---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/08/20/elimizde-taksi-zh%d2%afrgizushileri-mindetti-mediczinaly%d2%9b-tekseruden-%d2%9bashannan-bastap-%d3%a9tedi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Елімізде такси жүргізушілері міндетті медициналық тексеруден қашаннан бастап өтеді

![Елімізде такси жүргізушілері міндетті медициналық тексеруден қашаннан бастап өтеді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/08/usj3uc39.jpg)

**Көлік министрі Марат Қарабаев Қазақстандағы такси жүргізушілерін медициналық тексеруден өткізуге қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында министр қазір тиісті түзетулер пысықталып жатқанын айтты. Жүргізуші қызметін бастағанға дейін міндетті медициналық тексеруден өткізу қарастырылып жатыр.

> «Биыл емес, келер жылы іске қосылуы мүмкін. Нақты қай кезде енгізілетінін тағы да жариялаймыз. Себебі бұл тұрғыда мемлекеттік органдар да, интернет-агрегаторлар да (InDriver және Яндекс) тиісті дайындықтан өтуі керек», — деді М. Қарабаев.

---

Жарияланды: 2024-08-20T11:00:43+06:00

Жаңартылды: 2024-08-20T11:00:43+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/08/20/elimizde-taksi-zh%d2%afrgizushileri-mindetti-mediczinaly%d2%9b-tekseruden-%d2%9bashannan-bastap-%d3%a9tedi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.