---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/08/19/flyarystan-k%d2%afzgi-%d2%9bys%d2%9by-mausym%d2%93a-biletter-satylymyn-ashty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# FlyArystan күзгі-қысқы маусымға билеттер сатылымын ашты

![FlyArystan күзгі-қысқы маусымға билеттер сатылымын ашты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/08/img_5223-scaled.jpeg)

FlyArystan қазақстандық лоукостері күзгі-қысқы маусымға әуебилеттер сатылымының ашылғаны туралы хабарлайды. Жолаушылар рейстердің көптеген бағыттарында билеттерді ең қолайлы бағаменFlyArystan мобильді қосымшасы арқылы немесе[www.flyarystan.com](http://www.flyarystan.com/)сайтынан қазіргі сәттен-ақ сатып ала алады.

Авиация әлемінде күзгі-қысқы маусым қазан айының соңғы апталықтарында басталады. Сонымен қатар, күзгі-қысқы маусым, көбінесе, қысқы мезгілде танымал бағыттарға рейстердің көбеюімен ерекшеленеді. Осылайша, әуетасымалдаушының халықаралық маршруттық желісінде Ақтаудан Ыстамбұл мен Бакуға рейстері қолжетімді. Сондай-ақ, Алматы, Астана, Ақтау және Атырау қалаларынан Қутаисиге, Астанадан Ташкентке бағытталған рейстерге сатылым ашу жоспарлануда.

Осы кезекте, FlyArystan осындай күрделі уақытта қауіпсіздік шараларына ерекше назар аударып, экипаждар мен әуе кемелерін қысқы жағдайларға мұқият дайындауда.

FlyArystan Қазақстанның ішкі бағыттары бойынша күзгі-қысқы маусымға рейстерінің үштен біріне, яғни: Алматыдан*–*Астана, Қызылорда, Қостанай, Семей, Түркістан, Орал қалаларына, Астанадан*–*Орал мен Ақтауға, Шымкенттен*–*Ақтауға және Ақтаудан*–*Ақтөбеге билеттер сатылымын ашты. Рейстерге билеттер 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін қолжетімді. Әуетасымалдаушы жолаушыларға билеттерді алдын-ала тиімді тарифтерменсатып алуға кеңес береді. Сондай-ақ, сайттағы және мобильді қосымшадағы жаңартуларды байқап отыру ұсынылады. Басқа рейстерге сатылым жақын арада ашылатынын хабарлаймыз.

**Біз туралы:**

*FlyArystan**– өз қызметін 2019 жылдың мамыр айында бастаған қазақстандық лоукостер. Әуекомпания Алматы, Астана, Атырау, Ақтау және Шымкент қалаларындағы базаларынан**A**320 ұшақтарының қазіргі заманғы әуепаркімен кең маршруттық желі бойынша рейстерді орындайды.**FlyArystan**маршруттық желісі Грузия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түркия, Үндістан, БАӘ, Катар және Қытайға ішкі және халықаралық бағыттар мен чартерлік рейстерді қамтиды.**FlyArystan**2023 және 2024 жылдары екі рет**Skytrax****World****Airline****Awards**Орталық Азия мен ТМД-дағы үздік бюджеттік әуекомпаниясы болып танылды.*

---

Жарияланды: 2024-08-19T12:22:03+06:00

Жаңартылды: 2024-08-19T17:26:27+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Саяхат](https://qazaqpress.kz/category/sayahat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/08/19/flyarystan-k%d2%afzgi-%d2%9bys%d2%9by-mausym%d2%93a-biletter-satylymyn-ashty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.