---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/08/19/%d2%9byzylordada-sintetika-tarat%d2%9ban-er-adam-10-zhyl%d2%93a-sottaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қызылордада «синтетика» таратқан ер адам 10 жылға сотталды

![Қызылордада «синтетика» таратқан ер адам 10 жылға сотталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/08/sintetika-kyzylorda.jpg)

**Сот синтетикалық есірткі затын таратқан 24 жастағы қызылордалыққа үкім шығарды, деп хабарлайды Qazaqpress Zakon.kz-ке сілтеме жасап.**
Қызылорда полицейлері осы жылдың ақпан айында жас жігітті мөлтек аудандардың бірінде ұстады.

Жүргізілген жедел шаралар басырында күдіктіден 13,53 грамм психотроптық заттар алынған, бұл үлкен мөлшердегі синтетикалық препараттарға жатады.

Ұсталған жас жігіттің айтуынша, ол мобильді қосымша арқылы тапсырыс қабылдап, синтетиканы қала ішіндегі белгілі бір жасырын жерлерге салып отырған.

Сотта айыпталушы өзінің кінәсін мойындады. Ұсталған азамат кінәлі деп танылып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

*Фото: Kaztag.kz*

---

Жарияланды: 2024-08-19T08:09:03+06:00

Жаңартылды: 2024-08-19T08:09:03+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/08/19/%d2%9byzylordada-sintetika-tarat%d2%9ban-er-adam-10-zhyl%d2%93a-sottaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.