---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/08/13/almatyda-250-mln-te%d2%a3ge-byudzhet-%d2%9barazhatyn-za%d2%a3syz-zh%d2%b1msama%d2%9b-bol%d2%93andar-any%d2%9btaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда 250 млн теңге бюджет қаражатын заңсыз жұмсамақ болғандар анықталды

![Алматыда 250 млн теңге бюджет қаражатын заңсыз жұмсамақ болғандар анықталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/08/58693ff59e8f7fff6846106904bcf51d_original.99610.jpg)

**Алматы қаласы Алмалы ауданының прокуратурасы қызметкерлерді міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде «Алматыэлектротранс» ЖШС-да мемлекеттік сатып алу туралы заңды бұзу фактісін анықтады, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Алматы қаласы прокуратурасының мәліметінше, бұзушылық қызметкерлерді міндетті сақтандыру шартын электрондық мемлекеттік сатып алу порталын айналып өту арқылы және қағаз түрінде заңсыз жасалғанынан белгілі болды.

Прокуратураның қолданған шаралары нәтижесінде міндетті сақтандыру шарты сот тәртібімен бұзылды. 250 млн теңге бюджет қаражаты мемлекет кірісіне өтеліп, кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапқа тартылды.

*Фото: Gov.kz*

---

Жарияланды: 2024-08-13T05:53:49+06:00

Жаңартылды: 2024-08-13T05:53:49+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/08/13/almatyda-250-mln-te%d2%a3ge-byudzhet-%d2%9barazhatyn-za%d2%a3syz-zh%d2%b1msama%d2%9b-bol%d2%93andar-any%d2%9btaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.