---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/08/10/bir-altyn-%d3%99kelse%d2%a3-tynysh-zh%d2%afr-ua%d2%93yzy%d2%a3dy-ajtpaj-tanymal-zhurnalist-eldos-smetovti-synady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# «Бір алтын әкелсең, тыныш жүр уағызыңды айтпай»: Танымал журналист Елдос Сметовті сынады

![«Бір алтын әкелсең, тыныш жүр уағызыңды айтпай»: Танымал журналист Елдос Сметовті сынады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/07/1722100414.jpg)

**Журналист Бибігүл Дәулетбекқызы әлеуметтік желідегі [парақшасында ](https://www.instagram.com/bibiguldauletbek/)қазақ еліне дзюдодан тарихи алтын сыйлаған Елдос Сметовті сынап, жазба жариялады, деп хабарлайды Qazaqpress [Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.](http://sn.kz/) **

Ол спортшыға елдің алдында жүргендіктен, жастардың санасын дінмен «уламайуға» шақырды. 

«Журналист мамандығын алғанымда ұстазым Камал Смайловқа: «Ақиқатты ғана жазамын. Қарапайым халықтың сөзін сөйлеймін» деп серт бергенмін. Осы уәдемде тұру парызым!

Менің міндетім – Қазақ деген ұлтымды сақтап қалу!  
Бір алтын әкелді екен деп, мыңдаған баланың балағын қысқартып, сақалын ұзартып, ертеңгі күні өз халқыма қарсы шығартып ала алмайды екенмін!  
Қай-қайсыңа да айтарым осы: Елдің алдында жүрсің бе? Тыныш жүр уағызыңды айтпай, жастардың санасын әсіредінмен уламай! Әншісің бе? Әніңді айт!  
Спортшысың ба? Жаттықтыр!», — деп жазды ол.

---

Жарияланды: 2024-08-10T12:59:50+06:00

Жаңартылды: 2024-08-10T12:59:50+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Спорт](https://qazaqpress.kz/category/sport/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/08/10/bir-altyn-%d3%99kelse%d2%a3-tynysh-zh%d2%afr-ua%d2%93yzy%d2%a3dy-ajtpaj-tanymal-zhurnalist-eldos-smetovti-synady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.