---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/08/09/b%d2%afgin-olimpiadada-%d2%9baza%d2%9bstandy%d2%9b-sportshylar-%d2%9baj-ua%d2%9bytta-syn%d2%93a-t%d2%afsedi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Бүгін Олимпиадада қазақстандық спортшылар қай уақытта сынға түседі

![Бүгін Олимпиадада қазақстандық спортшылар қай уақытта сынға түседі](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/08/800x450.webp)

**Париж Олимпиадасында 9 тамыз, жұма күні қазақстандық спортшылар таэквондо, еркін күрес, байдарка мен каноэде есу, қазіргі бессайыс және жеңіл атлетика секілді 5 жарыс түрінен бақ сынайды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Алдымен 12:00–де таэквондодан ел құрамасынан Батырхан Төлеуғали жарыс жолына шығады.

Ал 14:00–де еркін күрестен Юсуп Батырмырзаев сайысқа түседі.

Сондай-ақ 15:40–та байдарка мен каноэде есуден Мария Бровков мен Руфина Ысқақова ел намысын қорғайды.

Қазіргі бессайыстан 16:00–де Георгий Борода-Дудочкин жарысады.

Бұл күні 23:57–де жеңіл атлетикадан Дэйзи Джегкемей финалда жүлделерді сарапқа салады.

Айта кетсек, Олимпиаданың он үшінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлде бар.

*Фото: Olympic.kz*

---

Жарияланды: 2024-08-09T07:03:32+06:00

Жаңартылды: 2024-08-09T07:03:32+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Спорт](https://qazaqpress.kz/category/sport/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/08/09/b%d2%afgin-olimpiadada-%d2%9baza%d2%9bstandy%d2%9b-sportshylar-%d2%9baj-ua%d2%9bytta-syn%d2%93a-t%d2%afsedi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.