Бір күнде — екі күміс: Нұрбек Оралбай Қазақстан қоржынына тағы бір жүлде салды

Бір күнде — екі күміс: Нұрбек Оралбай Қазақстан қоржынына тағы бір жүлде салды

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Нұрбек Оралбай финалда украиналық қарсыласынан ұтылып, күміс медальді қанағат тұтты, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

бокс
Фото: Владислав Семенов/ҰОК

Париж Олимпиадасында 80 келі салмақта ел намысын қорғаған отандасымыз финалда украиналық Александр Хижнякпен алтынға таласты.

бокс
Фото: ҰОК

Аса тартысты өткен жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен Хижняк жеңімпаз деп танылды.

бокс
Фото: ҰОК

Осылайша украиналық боксшы Париж Олимпиадасының чемпионы атанса, қазақ боксшысы Нұрбек Оралбай күміс жүлдегер болды.

олимпиада
Фото: ҰОК

Естеріңізге сала кетейік, Париж Олимпиадасына бас бапкер Мырзағали Айтжанов жеті боксшы алып келген болатын.

бокс
Фото: Владислав Семенов/ҰОК

Өкінішке қарай, оның алтауы жарысты ерте аяқтап, көрермен қатарына қосылды.

бокс
Фото: ҰОК

Ал әйелдер боксынан лицензия жеңіп алған үш боксшының екеуі алғашқы жекпе-жегінде жарыс жолын аяқтаса, олардың арасынан 50 келі салмақта Назым Қызайбай ғана ел үмітін ақтады.

бокс
Фото: Сали Сабиров/ҰОК

Ол кеше ел қоржынына Олимпиада ойындарының үшінші қола жүлдесін сыйлаған еді.

бокс
Фото: ҰОК
бокс
Фото: ҰОК