---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/08/08/bir-k%d2%afnde-eki-k%d2%afmis-n%d2%b1rbek-oralbaj-%d2%9baza%d2%9bstan-%d2%9borzhynyna-ta%d2%93y-bir-zh%d2%aflde-saldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Бір күнде — екі күміс: Нұрбек Оралбай Қазақстан қоржынына тағы бір жүлде салды

![Бір күнде — екі күміс: Нұрбек Оралбай Қазақстан қоржынына тағы бір жүлде салды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/08/1723075450.jpg)

**Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Нұрбек Оралбай финалда украиналық қарсыласынан ұтылып, күміс медальді қанағат тұтты, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**
![бокс](https://img.inform.kz/kazinform-photobank/media/2024-08-07/661895f8-fc78-418d-b6ac-20b8510e0799.jpeg)Фото: Владислав Семенов/ҰОК

Париж Олимпиадасында 80 келі салмақта ел намысын қорғаған отандасымыз финалда украиналық Александр Хижнякпен алтынға таласты.

![бокс](https://img.inform.kz/kazinform-photobank/media/2024-08-07/7d5f3e47-ea78-42fd-8965-b497108d6494.jpeg)Фото: ҰОК

Аса тартысты өткен жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен Хижняк жеңімпаз деп танылды.

![бокс](https://img.inform.kz/kazinform-photobank/media/2024-08-07/6206d454-a5a0-4ec0-8178-9f750ce3bed6.jpeg)Фото: ҰОК

Осылайша украиналық боксшы Париж Олимпиадасының чемпионы атанса, қазақ боксшысы Нұрбек Оралбай күміс жүлдегер болды.

![олимпиада](https://img.inform.kz/kazinform-photobank/media/2024-08-07/335bcf24-1e70-4106-b5ed-98207e4b791c.jpeg)Фото: ҰОК

Естеріңізге сала кетейік, Париж Олимпиадасына бас бапкер Мырзағали Айтжанов жеті боксшы алып келген болатын.

![бокс](https://img.inform.kz/kazinform-photobank/media/2024-08-07/f4577608-ecd7-43bf-8182-ddaca9d33dae.jpeg)Фото: Владислав Семенов/ҰОК

Өкінішке қарай, оның алтауы жарысты ерте аяқтап, көрермен қатарына қосылды.

![бокс](https://img.inform.kz/kazinform-photobank/media/2024-08-07/9c06e467-63bb-4dbd-9353-fc2bb9d6d212.jpeg)Фото: ҰОК

Ал әйелдер боксынан лицензия жеңіп алған үш боксшының екеуі алғашқы жекпе-жегінде жарыс жолын аяқтаса, олардың арасынан 50 келі салмақта Назым Қызайбай ғана ел үмітін ақтады.

![бокс](https://img.inform.kz/kazinform-photobank/media/2024-08-07/83a0dd1e-0c18-4c2d-afaa-d2ef650b5f38.jpeg)Фото: Сали Сабиров/ҰОК

Ол кеше ел қоржынына Олимпиада ойындарының үшінші қола жүлдесін [сыйлаған](https://kaz.inform.kz/news/nazim-kizaybay-olimpiadanin-kola-zhuldeger-eaa78c/) еді.

![бокс](https://img.inform.kz/kazinform-photobank/media/2024-08-07/2c701723-4050-4e5e-a515-7202f6e60512.jpeg)Фото: ҰОК
![бокс](https://img.inform.kz/kazinform-photobank/media/2024-08-07/05afbeea-5d24-4f9e-a317-d7f9497f3f4d.jpeg)Фото: ҰОК

---

Жарияланды: 2024-08-08T09:22:01+06:00

Жаңартылды: 2024-08-08T09:22:01+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Спорт](https://qazaqpress.kz/category/sport/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/08/08/bir-k%d2%afnde-eki-k%d2%afmis-n%d2%b1rbek-oralbaj-%d2%9baza%d2%9bstan-%d2%9borzhynyna-ta%d2%93y-bir-zh%d2%aflde-saldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.