---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/08/07/gennadij-golovkin-nazym-%d2%9byzajbajdy-%d2%9bola-zh%d2%afldesimen-%d2%9b%d2%b1tty%d2%9btady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Геннадий Головкин Назым Қызайбайды қола жүлдесімен құттықтады

![Геннадий Головкин Назым Қызайбайды қола жүлдесімен құттықтады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/08/1722984335.jpg)

**Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында әйелдер боксынан қола жүлдегер атанған Назым Қызайбайды ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин құттықтады, деп хабарлайды Qazaqpress Olympic.kz-ке сілтеме жасап.**

> «Назымды Олимпиада ойындарының қола медалімен құттықтаймын! Назым ұзақ жылдар бойы еліміздегі әйелдер боксының жарқын өкілі әрі команданың көшбасшысы болып келеді. Өзінің алғашқы Олимпиадасына қатысқанына қарамастан, ол әлемдегі ең мықты спортшылардың қатарынан екенін тағы бір дәлелдеді. Сіздің бұл жетістігіңіз көптеген жас атлетке жігер сыйлап, еңбек пен төзімнің ақталатынына шынайы үлгі болсын деп тілеймін. Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің атынан Назым мен оның бапкері Долкунжан Камековты және барша қазақстандықтарды Олимпиада медалімен құттықтаймын!», — деді Геннадий Головкин.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Назым Қызайбай ел қоржынына Олимпиаданың үшінші қола жүлдесін сыйлады.

*Фото: Olympic.kz*

---

Жарияланды: 2024-08-07T08:27:23+06:00

Жаңартылды: 2024-08-07T08:27:23+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Спорт](https://qazaqpress.kz/category/sport/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/08/07/gennadij-golovkin-nazym-%d2%9byzajbajdy-%d2%9bola-zh%d2%afldesimen-%d2%9b%d2%b1tty%d2%9btady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.