---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/08/06/bishimbaevty%d2%a3-isi-zho%d2%93ar%d2%93y-sot%d2%9ba-zhiberildi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Бишімбаевтың ісі Жоғарғы сотқа жіберілді

![Бишімбаевтың ісі Жоғарғы сотқа жіберілді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/08/bishimbaev.jpg)

**Әйелін өлтірді деген айып тағылып, ақыры 24 жылға бас бостандығынан айырылған Қуандық Бишімбаев темір тордың ар жағында әлі күнге дейін сот шешіміне келіспей отыр. «Жаза бастым» деп жазасын жеңілдетуді сұрайды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Сот кеңсесіне түскен ақпаратқа сәйкес, Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың ісі Жоғарғы сотқа жіберілген. Ал 5 тамызда іс судьяға берілген.

Естеріңізге сала кетейік, 13 мамырда Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот процесі аяқталды. Сот бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты әйелін азаптап, өлтіргені үшін кінәлі деп тапты. Ол 24 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ал оның інісі Бақытжан Байжанов қылмысты жасырғаны үшін кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

26 маусымда сот алқасы Бишімбаев пен Байжановтың апелляциялық шағымы бойынша үкімін өзгеріссіз қалдырып, шешім шығарды.

*Фото: Пресс-служба Верховного суда РК*

---

Жарияланды: 2024-08-06T08:36:14+06:00

Жаңартылды: 2024-08-06T08:36:14+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/08/06/bishimbaevty%d2%a3-isi-zho%d2%93ar%d2%93y-sot%d2%9ba-zhiberildi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.