---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/08/02/a%d2%9bt%d3%a9bede-esirtki-satushylar-11-zhyl%d2%93a-bas-bostandy%d2%93ynan-ajyryldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ақтөбеде есірткі сатушылар 11 жылға бас бостандығынан айырылды

![Ақтөбеде есірткі сатушылар 11 жылға бас бостандығынан айырылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/08/cedce66d-3bba-409e-b5be-3a40ea05afeb.jpg)

**Ақтөбеде есірткі сатушылар 11 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qazaqpress Polisia.kz-ке сілтеме жасап.**

Ақпан айында Ақтөбе облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ақтөбе қаласында жедел іс-шараларды өткізу барысында автотұрақ аумағында автокөлігінен 60 келіге жуық марихуана тәркіленген күдіктіні ұстады. Сондай-ақ оның танысының тұрғылықты тұратын жерін тексеру барысында гаражынан 20 келіге жуық марихуана тәркіленді.

Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 77 келіден асты.

Қазіргі уақытта есірткі заттарымен заңсыз жұмыс жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Сот қылмыстық істің екі қатысушысын да 11 жылға қатаң режимде бас бостандығынан айырды.

*Фото: Polisia.kz*

---

Жарияланды: 2024-08-02T06:37:33+06:00

Жаңартылды: 2024-08-02T06:37:33+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/08/02/a%d2%9bt%d3%a9bede-esirtki-satushylar-11-zhyl%d2%93a-bas-bostandy%d2%93ynan-ajyryldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.