---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/08/01/dzyudoshy-n%d2%b1rlyhan-sharhan-olimpiadany-s%d3%99tti-bastady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Дзюдошы Нұрлыхан Шархан Олимпиаданы сәтті бастады

![Дзюдошы Нұрлыхан Шархан Олимпиаданы сәтті бастады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/08/1722501584.jpg)

**Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін дзюдодан ерлер арасында Нұрлыхан Шархан алғашқы белдесуін өткізді, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Нәтижесінде 100 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған отандасымыз алғашқы белдесуінде бельгиялық Тома Никифоровтан айласын асырып, келесі айналымға өтті.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін дзюдодан 60 келі салмақта Елдос Сметов чемпион атанса, Ғұсман Қырғызбаев қола медаль жеңіп алған болатын.

Айта кетейік, бүгін, 1 тамызда Париж Олимпиадаcында қазақстандықтар спорттың 4 түрінен – садақ ату, нысана көздеу, дзюдо және бокстан жарыс жолына шығады.

Олимпиаданың төртінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 2 қола жүлде бар.

Медальдар кестесінде 16-орынға жайғасты.

*Фото: Olympic.kz*

---

Жарияланды: 2024-08-01T08:54:51+06:00

Жаңартылды: 2024-08-01T08:54:51+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Спорт](https://qazaqpress.kz/category/sport/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/08/01/dzyudoshy-n%d2%b1rlyhan-sharhan-olimpiadany-s%d3%99tti-bastady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.