---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/07/31/%d2%9bosshy-%d2%9balasynda-taza-%d2%9baza%d2%9bstan-oblysty%d2%9b-ekologiyaly%d2%9b-akcziyasy-ayasynda-oblysty%d2%9b-ekoplogging-%d3%a9tedi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қосшы қаласында «Таза Қазақстан» облыстық экологиялық акциясы аясында облыстық экоплоггинг өтеді

![Қосшы қаласында «Таза Қазақстан» облыстық экологиялық акциясы аясында облыстық экоплоггинг өтеді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/07/photo-2024-07-31-17-26-47.jpg)

**2024 жылғы 31 шілде күні сағ. 16.00-де Қосшы қаласы мен Тайтөбе ауылының арасындағы «Сарқырама» өзенінің бойында «Таза Қазақстан» облыстық экологиялық акциясы аясында облыстық экоплоггинг өтеді.**

Іс — шараның негізгі мақсаты — қала тұрғындары мен туристердің, әсіресе жастардың экологиялық мәдениетін арттыру, «Адал адам — Адал еңбек — Адал табыс» тұжырымдамасы негізінде патриотизмге, табиғатқа, қоршаған ортаға ұқыпты қарау құндылықтарын дәріптеу.

Іс-шараға азаматтық сектор өкілдері, «Аманат» партиясы, қалалық мәслихат депуттатары, «Жасыл ел» еңбек жасақтары, жастар-ресурстық орталығы,  белсенді жастар мен еріктілер, коммуналдық мекеме қызметкерлі мен меншік иелері бірлестігінің өкілдері  қатысады. Барлығы 350-ге жуық адам қатысады деп жоспарланған.

Плоггинг екі заманауи тенденцияны біріктіреді: салауатты өмір салты және қоршаған ортаға қамқорлық. Плоггинг әдеттегі жүгіруден ерекшеленеді, өйткені сіз өзіңізбен бірге қапшықты алып, оған жолда кездесетін барлық қоқыстарды жинайсыз.

Экоплоггингтің қатысушылары 2 топқа бөлінеді: екі топ ресми басталғаннан кейін «Сарқырама» жағалауында, екіншісі Қосшы мен Тайтөбе ауылын жалғайтын күре жолдың  бойында қоқыс жинауды бастайды.

Жалпы, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған сәттен бастап Ақмола облысы бойынша **550-ден** астам елді мекен қамтылып, **80 мыңға** жуық тонна қоқыс шығарылды. Тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілді, 200 – ге жуық көшет отырғызылды, екпелерді әктеу, су айдындары-өзендер мен көлдердің айналасын қоқыстан тазарту, 400 балалар алаңы абаттандырылды, тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардың қасбеттері жөнделді.

Облыс бойынша барлығы **500 мыңға** жуық адамның қатысуымен **3500-ге** жуық бір реттік экологиялық іс-шаралар өткізілді.

*Ақмола облысының**Ішкі саясат басқармасы*

 

---

Жарияланды: 2024-07-31T12:33:10+06:00

Жаңартылды: 2024-07-31T12:33:10+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/07/31/%d2%9bosshy-%d2%9balasynda-taza-%d2%9baza%d2%9bstan-oblysty%d2%9b-ekologiyaly%d2%9b-akcziyasy-ayasynda-oblysty%d2%9b-ekoplogging-%d3%a9tedi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.