---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/07/28/eldos-smetovti%d2%a3-anasy-ol-k%d2%afresken-kezde-tileuin-tilep-dalada-zh%d2%afremin/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Елдос Сметовтің анасы: Ол күрескен кезде тілеуін тілеп далада жүремін

![Елдос Сметовтің анасы: Ол күрескен кезде тілеуін тілеп далада жүремін](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/07/1722100414.jpg)

**Дзюдодан Олимпиада чемпионы атанған Елдос Сметовтің ата-анасы баласының жеңісі жайында пікірін білді, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Қазақстандық дзюдошы 60 келі салмақта финалда франциялық Лука Мхеидзенің осал тұсын тапты.

> «Қолдау көрсеткен қазақстандық азаматтарға ризашылық білдіреміз. Оған барлық тілеулес жұрт, бапкерлері үлкен сенім артты. Елдің сенімін ақтады», — деді әкесі Бақтыбай Сметов.

Анасы Тоқтагүл Сметова баласының әрбір кездесуін теледидар арқылы тамашалай алмайтынын айтады.

> > «Ол күрескен кезде тілеуін тілеп далада жүремін. Белдесу өтетін бес минут мен үшін ұзаққа созылады. Көк туымызды көкке көтеруіне қашан да тілекші болдым», — дейді ол.

Париж Олимпиадасында ол нидерландылық Торнике Чкадуаны, украиналық Дильшот Халматов, тайпэйлік Янг Ю Вей, испаниялық Франсиско Гарригосты жеңді.
Ал финалда франциялық Лука Мхеидзенің осал тұсын тапты.
Айта кетсек, Елдос бұдан бұрын 2016 жылы Рио де Жанейрода күміс, 2020 жылғы Токиода қола медаль олжалаған болатын.

*Фото: Сали Сабиров*

---

Жарияланды: 2024-07-28T09:17:04+06:00

Жаңартылды: 2024-07-28T09:17:04+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Спорт](https://qazaqpress.kz/category/sport/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/07/28/eldos-smetovti%d2%a3-anasy-ol-k%d2%afresken-kezde-tileuin-tilep-dalada-zh%d2%afremin/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.