---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/07/27/%d2%9baza%d2%9bstan-parizhdegi-olimpiada-ojyndarynda-birinshi-medalin-zhe%d2%a3ip-aldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстан Париждегі Олимпиада ойындарында бірінші медалін жеңіп алды

![Қазақстан Париждегі Олимпиада ойындарында бірінші медалін жеңіп алды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/07/1722070691.jpeg)

**Нысана көздеуден Париж Олимпиадасында ел қоржынына алғашқы жүлде түсті, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Пневматикалық винтовкамен 10 метрге нысана көздеуден аралас командалық сында Ислам Сәтпаев пен Александра Ле Олимпиаданың қола жүлдесін жеңіп алды.

Алғаш рет олимпия ойындарына қатысып тұрған Ислам Сатпаев пен Александр Ле жұбы Германия құрамасынан (Анна Янсен, Максимилиан Ульбрих) басым түсті.

Айта кетейік, біздің мергендер ертеректе іріктеуде 630.1 ұпай жинаған. Ислам мен Александра дуэті былтыр Ханчжоуда өткен жазғы Азия ойындарының қола жүлдесін еншілеген.

Еске салсақ, Олимпиадада қола жүлде жеңіп алған қазақ спортшылары, сондай-ақ олардың бапкерлері мемлекеттен 75 мың АҚШ долларынан алады. Ал алтын үшін 250 мың, күміске 150 мың доллар қарастырылған.

*Фото: Olympic.kz*

---

Жарияланды: 2024-07-27T09:07:22+06:00

Жаңартылды: 2024-07-27T09:07:22+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Спорт](https://qazaqpress.kz/category/sport/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/07/27/%d2%9baza%d2%9bstan-parizhdegi-olimpiada-ojyndarynda-birinshi-medalin-zhe%d2%a3ip-aldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.