---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/07/26/atyrau-oblysynda-zhyl-basynan-beri-6-bala-terezeden-%d2%9b%d2%b1la%d2%93an/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Атырау облысында жыл басынан бері 6 бала терезеден құлаған

![Атырау облысында жыл басынан бері 6 бала терезеден құлаған](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/07/photo_373065.jpeg)

**Атырау облысында жыл басынан бері 6 баланың терезеден құлау дерегі тіркелген, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры Сәбит Борашевтың айтуынша, кейінгі кезде балалардың жазатайым оқиғаға ұшырауы жиілеген.

> «Әсіресе, 2-7 жасқа дейінгі балалардың терезеден құлауы көбірек кездеседі. Негізгі себеп – оңай ашылатын пластикалық терезе. Ата-аналар балаларының қауіпсіздігіне салғырттық танытады. Көпшілігі балаларын үйінде қараусыз қалдырып кетеді. Осындай себептің салдарынан жыл басынан бері 6 бала терезеден құлады», — дейді Сәбит Борашев.

Оның мәліметіне сүйенсек, төтенше жағдайлар департаментінің ұсынысымен әлеуметтік тұрмысы төмен 30 отбасының үйіне терезені бұғаттайтын арнайы тетік орнатылған. Мұндай тетікті орнатуға демеушілер қолдау көрсеткен.

> «Бұл тетіктің балалардың қауіпсіздігі үшін пайдасы зор. Біріншіден, терезенің кең ашылуына кедергі келтіреді. Екіншіден, балаларды терезеден құлаудан сақтайды. Ең бастысы, ата-аналарға балаларды келеңсіз жағдайға ұрынуыдан қорғау үшін оларды үйде жалғыз қалдырмау қажеттігін ескертеміз», — деп мәлім етті Сәбит Борашев.
> 
> 
> Фото:elements.envato.com

---

Жарияланды: 2024-07-26T08:12:36+06:00

Жаңартылды: 2024-07-26T08:12:36+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/07/26/atyrau-oblysynda-zhyl-basynan-beri-6-bala-terezeden-%d2%9b%d2%b1la%d2%93an/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.