---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/07/26/air-astana-%d2%9byrk%d2%afjekte-zha%d2%a3a-rejsterdi-ashady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Air Astana қыркүйекте жаңа рейстерді ашады

![Air Astana қыркүйекте жаңа рейстерді ашады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/07/aaaa-1.jpg)

**Air Astana 10 қыркүйектен бастап сейсенбі мен жұма күндері Airbus А320 әуе кемесінде орындалатын Шымкент-Жидда жаңа тікелей рейсіне билеттерді сата бастад**ы.

КС 235 рейсінің Шымкенттен Жиддаға 09.30-да ұшып шығып, Жиддаға 13.05-те ұшып келеді. КС 236 рейсінің Жиддадан Шымкентке 15.35-те ұшып шығады, Шымкентке сағат 23.00-де жетеді. Мұнда әуежайлардың жергілікті уақыты көрсетілген. Ұшу ұзақтығы — 5 сағат 35 минут. Эконом-кластағы барып қайту билеттердің ең төменгі құны алымдардың барлығын қосқанда 384 600 теңге, бизнес-класта — 864 309 теңге. Естеріңізге салайық, Жиддаға ұшулар Алматыдан да бейсенбі және жексенбі күндері орындалады.

Сонымен қатар, Астана әуежайының түнгі уақытта жабылуына байланысты, Air Astana 8 тамыздан бастап Алматы-Қарағанды тікелей рейсін іске қосады. Рейс елордалық әуежайда жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін бейсенбі, жұма және сенбі күндері орындалады.

КС 311 рейсінің Алматыдан Қарағандыға 21.20-да ұшып кетіп, Қарағандыға 22.50-де келуі. КС 312 кері рейсі Қарағандыдан Алматыға 23.50-де ұшады және Алматыға 01.20-да келеді. Ұшу ұзақтығы — 1 сағат 30 минут. Эконом-кластағы алымдармен бірге барып қайту билеттердің ең төменгі құны 35 179 теңге, бизнес-класта — 104 529 теңге.

---

Жарияланды: 2024-07-26T09:46:30+06:00

Жаңартылды: 2024-07-26T09:46:30+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/07/26/air-astana-%d2%9byrk%d2%afjekte-zha%d2%a3a-rejsterdi-ashady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.