Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

ҚР АВТОӨНЕРКӘСІБІ: 2024 ЖЫЛДЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

admin by admin
24 июля, 2024
ҚР АВТОӨНЕРКӘСІБІ: 2024 ЖЫЛДЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

ҚР Ұлттық статистика бюросының берген мәліметі бойынша 2024 жылдың алты айында Қазақстанда жалпы сомасы 814,4 млрд теңгені құрайтын 62 435 бірл. техника шықты.

Байланысты

Samsung MWC 2026-да: смартфондар интуитивті серіктер ретінде және AI-өндіріске жаһандық көшу

Шекара қызметінде «Шекара аруы» бейнебайқауының жеңімпазы анықталды

Дәрігер болып жұмыс істеген 30 жыл ішінде — еңбек кітапшасына тек екі жазба бар

Өндіріс көлемі былтырғы жартыжылдықпен салыстырғанда 14,6% түскенмен, саланың машинажасаудағы үлесі 40% деңгейінде қалып отыр. Өндіріс көлемінің азаюына негізінен нарықтағы өзгеріс себеп болды. «Сұр» дилерлердің ЕАЭО-ның Техникалық регламентіне сәйкес келмейтін бақылаусыз импорты ескі де, жаңа да автомобильдерді оңды-солды жеткізуі әлі де елдің экономикалық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді және  тұтынушылар үшін күрделі мәселе тудырып отыр.

Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті: «2023 жылы Қазақстанда 200 мыңға жуық жаңа автомобиль сатылды, оның 70%-дан астамы — отандық өнім. Нарық айтарлықтай өспесе де, біздің өндірушілердің үлесі әлі де жоғары. Қазірдің өзінде жұмыс орындары көбейгенімен қатар, мультипликатив өсім, яғни автоөнеркәсіппен бірге онымен байланысты орта және шағын бизнес дамып жатқанын байқап отырмыз».

Автоөнеркәсіптің қарқыны артып, инвестиция тартылып жатыр. Алматы (мультибрендтік зауыты Chery, GWM, Changan) мен Қостанайдағы (Kia) екі жаңа зауытынан бөлек автокомпоненттер шығаратын кәсіпорындар болады. Алматыдағы индустриялық аймақта орындық,  мультимедиа құрылғылары, кілемше, дөңгелек аркасын қорғағыш және бүріккіш өндіретін кәсіпорындар бой көтеріп келеді. Қостанайда газ шығару жүйелері мен электробұрау жасалады. Жобалар жүзеге асса, жоспар бойынша 7 мыңнан астам адам жұмысқа тұрады. Аталған жобаларға құйылатын инвестиция сомасы 760 млрд теңгеден асады.

«Қазақстанның Автокөлік Одағының» (ҚАО) дерегі бойынша биылғы алты айдың қорытындысы бойынша Қостанайдағы Allur зауыты 38 691 бірлік техника шығарған (-12,5%). Алматыда (Hyundai Trans Kazakhstan, Hyundai Trans Almaty) 19 330 бірлік жеңіл автомобиль мен коммерциялық техника жасалды (-22,4%). Семейдегі кәсіпорындар (СемАЗ, Daewoo Bus Kazakhstan) 2 528 бірлік коммерциялық көлік шығарды. (+17%). Қарағандыда (QazTehna) 644 бірлік техника (+45%) конвейерге тұрса, Көкшетаудағы КАМАЗ-Инжиниринг клиенттеріне 415 бірлік коммерциялық техника жөнелтті (-24,8%).

2024 жылғы қаңтар мен маусым аралығында елдегі кәсіпорындар ең көп өндірген бес жеңіл көлік бренді (экспортты қосқанда): Hyundai (19 155 бірл.), Kia (12 967 бірл.), Chevrolet (12 830 бірл.), Jac (6 730 бірл.) және Jetour (5 199 бірл.). Модельдер бойынша ең көп өндірілген: Chevrolet Cobalt (10 534 бірл.), Hyundai Tucson (10 235 бірл.), Kia Sportage (5 769 бірл.), Jac J7 (3 192 бірл.) және Jetour X70 (2 940 бірл.).

Анықтама:

Buy JNews
ADVERTISEMENT

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) – «Казахстанский Автомобильный Союз» заңды тұлғалар бірлестігі – 2023 жылдың 21 шілдесінде Астанада құрылған коммерциялық емес ұйым.

ҚАО құрамына Қазақстанның автоөндірушілер қауымдастығы; Қазақстанның автокомпонент өндірушілері қауымдастығы; Қазақстанның дилерлер қауымдастығы; Қазақстанның жүрген автомобильдерді сату бойынша қауымдастығы; Қазақстанның автосарапшылар және аудиторлар қауымдастығы (автомобильжасау өнімдерінің сәйкестігін бағалау) кірді.

 

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Мюнхенде өткен халықаралық конференцияда АИТВ- ны бақылау бойынша Алматы тәжірибесі таныстырылды

Келесі жаңалық

Қазақстандағы мәнерлеп жүзу: кедергілерді еңсеру және даму жолында

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Samsung MWC 2026-да: смартфондар интуитивті серіктер ретінде және AI-өндіріске жаһандық көшу
Категориясыз

Samsung MWC 2026-да: смартфондар интуитивті серіктер ретінде және AI-өндіріске жаһандық көшу

6 марта, 2026
Шекара қызметінде «Шекара аруы» бейнебайқауының жеңімпазы анықталды
Категориясыз

Шекара қызметінде «Шекара аруы» бейнебайқауының жеңімпазы анықталды

6 марта, 2026
Дәрігер болып жұмыс істеген 30 жыл ішінде — еңбек кітапшасына тек екі жазба бар
Категориясыз

Дәрігер болып жұмыс істеген 30 жыл ішінде — еңбек кітапшасына тек екі жазба бар

6 марта, 2026
Almaty Museum of Arts пен Halyk Bank стратегиялық серіктестік орнатқандарын жариялады
Категориясыз

Almaty Museum of Arts пен Halyk Bank стратегиялық серіктестік орнатқандарын жариялады

5 марта, 2026
«Халық үні» тәуелсіз бақылаушылар тобы: Ешбір саяси науқан – тәуелсіз бақылаушыларсыз әділ өтпейді!
Категориясыз

«Халық үні» тәуелсіз бақылаушылар тобы: Ешбір саяси науқан – тәуелсіз бақылаушыларсыз әділ өтпейді!

5 марта, 2026
Agentic MBB дәуірі: Huawei 5G-A архитектурасын ұсынады
Категориясыз

Agentic MBB дәуірі: Huawei 5G-A архитектурасын ұсынады

5 марта, 2026
Келесі жаңалық
Қазақстандағы мәнерлеп жүзу: кедергілерді еңсеру және даму жолында

Қазақстандағы мәнерлеп жүзу: кедергілерді еңсеру және даму жолында

Жамбы атудан үздік спортшылар 5-ші Дүниежүзілік  көшпенділер ойындарына дайындалып жатыр

Жамбы атудан үздік спортшылар 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындалып жатыр

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Мәжіліс депутаттарының толық тізімі

Мәжіліс депутаттарының толық тізімі

28 марта, 2023
Жеке сот шешімін орындаушының қызметтері қанша тұрады және кім оларды жалдай алады

Жеке сот шешімін орындаушының қызметтері қанша тұрады және кім оларды жалдай алады

11 февраля, 2022
ІІМ басшысы Қазақстанға қанша ресейлік келгенін айтты

ІІМ басшысы Қазақстанға қанша ресейлік келгенін айтты

4 октября, 2022

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жаңа Конституция: Конституция жобасына арналған «Референдум–2026» онлайн-марафоны мәресіне жетті

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ұйқы безінің қатерлі ісігі: неліктен ерте анықтау маңызды-АОО онкологы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматы қаласы ОКҚК дәрігерлері күрделі жол апатынан кейін науқасты аяғына тұрғызды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Samsung MWC 2026-да: смартфондар интуитивті серіктер ретінде және AI-өндіріске жаһандық көшу
  • Шекара қызметінде «Шекара аруы» бейнебайқауының жеңімпазы анықталды
  • Дәрігер болып жұмыс істеген 30 жыл ішінде — еңбек кітапшасына тек екі жазба бар

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.