Алматы облысында 19 бала тәрбиеленген заңсыз медресе анықталды
Қарасай ауданының прокуратурасы «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында құқық қорғау органдармен бірлесіп 19 бала заңсыз тәрбиеленген жасырын діни медресені анықтады, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
– Жеке үйдің аумағында Тәжікстанның тумасы балаларға араб жазулары бар діни әдебиеттерді қолдана отырып сабақ берді. Тексеру барысында діни әдебиеттің 179 данасы, сондай-ақ «Iphone» маркалы ұялы телефон және «HP» маркалы ноутбук тәркіленді. Аталған іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта барлық бала ата-аналарына қайтарылды, — деп хабарлады облыстық прокуратурадан.
Фото: stopterror.uz