---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/07/22/almaty-oblysynda-19-bala-t%d3%99rbielengen-za%d2%a3syz-medrese-any%d2%9btaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматы облысында 19 бала тәрбиеленген заңсыз медресе анықталды

![Алматы облысында 19 бала тәрбиеленген заңсыз медресе анықталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/07/trytndj.jpg)

**Қарасай ауданының прокуратурасы «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында құқық қорғау органдармен бірлесіп 19 бала заңсыз тәрбиеленген жасырын діни медресені анықтады, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

> – Жеке үйдің аумағында Тәжікстанның тумасы балаларға араб жазулары бар діни әдебиеттерді қолдана отырып сабақ берді. Тексеру барысында діни әдебиеттің 179 данасы, сондай-ақ «Iphone» маркалы ұялы телефон және «HP» маркалы ноутбук тәркіленді. Аталған іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта барлық бала ата-аналарына қайтарылды, — деп хабарлады облыстық прокуратурадан.
> 
> 
> 
> 
> Фото: stopterror.uz

---

Жарияланды: 2024-07-22T09:03:00+06:00

Жаңартылды: 2024-07-22T09:03:00+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/07/22/almaty-oblysynda-19-bala-t%d3%99rbielengen-za%d2%a3syz-medrese-any%d2%9btaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.