Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Жол қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы

admin by admin
18 июля, 2024
Жол қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы

А.ж. 16 шілдеде Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы Сәбит Нұрлыбайдың басшылығымен жол қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының (ВАЖТ) кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Qazaqpress Gov.kz-ке сілтеме жасап.

Байланысты

Бейбіт Исабаев Кербұлақ ауданының жаңадан сайланған әкімін жергілікті активке таныстырды

Талғат Жанысбай Ұлттық құрылтайдың өткен отырысында Тоқаевтың сөйлеген сөзіне пікір білдірді

Тазабек Астанада «Қайрат» – «Брюгге» матчында жанкүйерлерді таңғалдырды

Отырыс жұмысына ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қ.А. Сұлтанбеков, өңірлер әкімдерінің орынбасарлары, министрліктердің бейінді ведомстволарының жауапты бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері, полиция департаменттері, облыстық прокуратуралар, Комитеттің аумақтық департаменттері, «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ-ның басшылары, сондай-ақ IT-компаниялардың өкілдері қатысты.

Отырысты аша отырып, Сәбит Нұрлыбай жол қауіпсіздігі мәселесі Мемлекет басшысы мен Бас Прокурордың ерекше бақылауында екенін еске салды.

ВАЖТ-пен жүргізілген жұмыстың ауқымын атап өтіп, ВАЖТ ұсынымдары шеңберінде жүргізуші куәлігін алу емтиханына өзін-өзі даярлау тоқтатылғаны, «Автомектеп» ақпараттық жүйесі әзірленгені туралы айтылды. «Көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметі электрондық форматқа ауыстырылды. Сондай-ақ көлік құралдарына газ баллон жабдығын қауіпсіз орнатуды бақылау жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленуде.

Көлік министрлігі таксилердің «Яндекс» және «Индрайв» ірі агрегаторларымен ынтымақтастық туралы меморандум жасады, оның аясында еңбек және демалыс режимін, такси жүргізушілерінің денсаулық жағдайын, сондай-ақ автомобильдің техникалық жай-күйін бақылау жүзеге асырылатын болады. Трассалық медициналық-құтқару пункттерін орналастыру және қайта орналастыру бойынша орындарды белгілеу әдістемесі әзірленді, оған сәйкес ЖКО орындары мен жолдардың авариялық-қауіпті учаскелері Комитеттің апаттылық картасында бейнеленген.

Отырыс барысында ВАЖТ қатысушыларының ұсыныстарын ескере отырып қалыптастырылған жол қауіпсіздігі деңгейін арттыру бойынша ұсынымдардың жаңа пакеті талқыланды.

Сонымен қатар жол қауіпсіздігі саласындағы проблемалық және кешенді шаралар қабылдауды қажет ететін мәселелер туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қ.А. Сұлтанбеков баяндады.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Қайсар Сұлтанбеков жол қозғалысы қауіпсіздігінің жай-күйіне жолдарда жүргізушілердің де, жаяу жүргіншілердің де жол тәртібінің төмендігі, сондай-ақ жол инфрақұрылымының жағдайы сияқты теріс факторлар әлі де әсер ететіні туралы хабарлады.

ЖКО санын қысқарту және салдарының ауырлығын төмендету мақсатында оларға ЖКО себептерін жою, республикалық трассалар мен жергілікті автожолдарда қауіпсіз жол инфрақұрылымын құру жөнінде бірқатар шаралар ұсынылды.

Атап айтқанда, уәкілетті органдармен бірлесіп автожолдарды тексеру, жол қозғалысын ұйымдастыруды өзгерту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, реконструкциялау және жөндеу жүргізіліп жатқан барлық жолдарда дайын учаскелерді ашу бойынша жұмысты жедел жүргізу, түнгі уақытта трассаларда аварияларды азайту үшін инновациялық «жарық беретін» жол белгісін пайдаланудың шетелдік тәжірибесін қолдану мәселесін пысықтау, сондай-ақ жергілікті маңызы бар жолдарды дамыту бағдарламасын қабылдау болды.

Сондай-ақ, отырыс барысында Атырау облысының тәжірибесі қаралды, онда қала сыртындағы трассаларды бұзушылықтарды заманауи фотобейнетіркеу жүйелерімен жабдықталған сәйкестендіру белгілері жоқ полицияның қызметтік автомашиналармен патрульдеу жұмысы сәтті сынақтан өтті. Осындай құқық бұзушылықтар туралы ақпарат автоматты түрде БП ҚСжАЕК ӘІБТ-нің Процессинг орталығына жіберіледі, ал құқықбұзушыға айыппұл туралы хабарлама келеді.

ІІМ-ге еліміздің барлық өңірлерінде осындай тәжірибені сынақтан өткізу, сондай-ақ ҚСжАЕК-пен бірлесіп, жолдардағы  бұзушылықтардың алдын алу және ЖКО схемаларын жасау кезінде «дрондарды» қолдану мүмкіндігі туралы IT-компания ұсынған техникалық шешімді зерделеу ұсынылды.

Денсаулық сақтау министрлігіне төтенше жағдайлар министрлігімен және ІІМ Әкімшілік полиция комитетімен бірлесіп ЖКО-дан зардап шеккен адамдарға уақтылы медициналық көмек көрсету үшін жедел ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселесін пысықтау ұсынылды.

Отырыс қорытындысы бойынша барлық мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар өздерінің ерекшеліктерін ескере отырып, республикалық және облыстық деңгейлерде апаттылықты төмендетуге бағытталған нақты және егжей-тегжейлі іс-шараларды әзірлеу бойынша бірлескен шаралар қабылдауға бағытталды.

Осы тұрғыда Комитеттің жетекшілігімен ведомствоаралық жұмыс тобы уәкілетті органдарға күш біріктіруге және бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасай отырып, туындаған мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін орталыққа айналды.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

«Таза Қазақстан»: халыққа өтінім берудің жаңа сервисі

Келесі жаңалық

Геннадий Головкин рингке қайта оралуы туралы мәлімдеме жасады

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Бейбіт Исабаев Кербұлақ ауданының жаңадан сайланған әкімін жергілікті активке таныстырды
Басты

Бейбіт Исабаев Кербұлақ ауданының жаңадан сайланған әкімін жергілікті активке таныстырды

21 января, 2026
Талғат Жанысбай Ұлттық құрылтайдың өткен отырысында Тоқаевтың сөйлеген сөзіне пікір білдірді
Категориясыз

Талғат Жанысбай Ұлттық құрылтайдың өткен отырысында Тоқаевтың сөйлеген сөзіне пікір білдірді

21 января, 2026
Тазабек Астанада «Қайрат» – «Брюгге» матчында жанкүйерлерді таңғалдырды
Категориясыз

Тазабек Астанада «Қайрат» – «Брюгге» матчында жанкүйерлерді таңғалдырды

20 января, 2026
Алматыда алғаш рет қозғалыс бұзылыстары бар жасөспірімнің миын терең ынталандыру жүргізілді
Категориясыз

Алматыда алғаш рет қозғалыс бұзылыстары бар жасөспірімнің миын терең ынталандыру жүргізілді

20 января, 2026
Huawei мен Beeline Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды
Категориясыз

Huawei мен Beeline Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

19 января, 2026
Рейстердің орындалуына әсер ететін факторлар туралы
Категориясыз

Рейстердің орындалуына әсер ететін факторлар туралы

19 января, 2026
Келесі жаңалық
Геннадий Головкин рингке қайта оралуы туралы мәлімдеме жасады

Геннадий Головкин рингке қайта оралуы туралы мәлімдеме жасады

Цифрлық журналистика дәуірі. Астанада БАҚ арналған бірегей медиа тренинг өтті

Цифрлық журналистика дәуірі. Астанада БАҚ арналған бірегей медиа тренинг өтті

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Қоғамдық көлік, көгалдандыру және абаттандыру: Астана алдағы 10 жылда қалай өзгереді

Қоғамдық көлік, көгалдандыру және абаттандыру: Астана алдағы 10 жылда қалай өзгереді

16 июля, 2025
Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

19 декабря, 2020
Доллардың бағасы тағы түсіп кетті

Доллардың бағасы тағы түсіп кетті

23 февраля, 2021

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • AOО онкологы — бауыр обырының қауіптері мен алдын алу туралы талқылайды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Jack port Off Sites — Avoiding Jerks With Sex Webcam Girls

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Freedom Media «Сёгун» сериалының қазақ тіліндегі алғашқы ресми дубляжын ұсынды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Бейбіт Исабаев Кербұлақ ауданының жаңадан сайланған әкімін жергілікті активке таныстырды
  • Талғат Жанысбай Ұлттық құрылтайдың өткен отырысында Тоқаевтың сөйлеген сөзіне пікір білдірді
  • Тазабек Астанада «Қайрат» – «Брюгге» матчында жанкүйерлерді таңғалдырды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.