---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/07/18/gennadij-golovkin-ringke-%d2%9bajta-oraluy-turaly-m%d3%99limdeme-zhasady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Геннадий Головкин рингке қайта оралуы туралы мәлімдеме жасады

![Геннадий Головкин рингке қайта оралуы туралы мәлімдеме жасады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/07/msg-1001499924082-86085.webp)

**Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Los Angeles Times басылымына берген сұхбатында шаршы алаңға қайта оралу мүмкіндігі туралы айтты, деп хабарлайды Qazaqpress Sports.kz-ке сілтеме жасап.**

> «Мен зейнеткер емеспін. Отбасыммен бақытты сәттерді өткеріп жатырмын. Менің жаңа қызметім бар, алайда спортпен шұғылдануды тоқтатқан емеспін, себебі одан ләззат аламын, ал спорттағы мансабымның аяқталғаны туралы ешқашан жариялаған емеспін. Мен үшін өмір – уақыт мәселесі: ыңғайлы мүмкіндік туындап жатса, шаршы алаңға қайта оралуым бек мүмкін», — деді Головкин.

Еске сала кетсек, Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) соңғы жекпе-жегін 2022 жылдың қыркүйегінде өткізді – бұл оның мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен (61-2-2, 39 КО) үшінші жекпе-жегі болды, онда қазақстандық боксшы төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіліске ұшырады. Содан бері Головкин рингке шыққан жоқ. Кейін ол Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің [басшысы ](https://kaz.inform.kz/news/gennadiy-golovkin-ulttik-olimpiada-komitetnn-prezident-bolip-saylandi-40d461/)болып сайланды.

Фото: ҰОК

---

Жарияланды: 2024-07-18T08:25:12+06:00

Жаңартылды: 2024-07-18T08:25:52+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Спорт](https://qazaqpress.kz/category/sport/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/07/18/gennadij-golovkin-ringke-%d2%9bajta-oraluy-turaly-m%d3%99limdeme-zhasady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.