Астаналық сегіз жасар Аиша мен өскемендік Ева есту қабілеті бұзылған балаларды оңалтуға арналған қосымшаның прототипін жасап шығарды.
Олар өз жобаларын Калифорнияда өтетін Technovation Girls атты қыздарға арналған халықаралық технология байқауының финалында ұсынады. Қазақстанда бағдарлама Yandex Qazaqstan қаржылық және сараптамалық қолдауымен жүзеге асырылады.
Аиша Есет пен Ева Журкина DigiDaisies командасы кохлеарлық имплантация операциясынан өткен, ішінара есту қабілеті нашар балаларға арналған IHear қосымшасының прототипін жасады. Қолданба сөйлеу және сөйлесу дағдыларын дамытуға көмектеседі. Жаттығу үшін қосымша бірнеше құралдарды ұсынады, мысалы, сөйлеу гимнастикасы, дыбыс симуляторы және әртүрлі сынақтар. Қолданбадағы телефон камерасы арқылы объектілерді тану үшін қыздар нейрондық желіні өз бетінше жаттықтырды. Жоба бастауыш сынып оқушыларына арналған Beginners бөліміндегі байқауға қатысты.
Қыздар достарына көмектескісі келетіндіктен есту қабілеті бұзылған балаларға көмектесетін қолданба идеясын ойлап тапты. «Біз бұл жобаны таңдадық, өйткені біздің Айлин деген досымыз бар. Өкінішке орай, ол туылғаннан бері саңырау болып, импланттарды орнату үшін ота жасады. Ал біз оған көмектесеміз деп шештік», – дейді Аиша.
Technovation Girls бағдарламасы ақпараттық технологияларды меңгеруге, жобаларды басқару мен IT-кәсіпкерлік дағдыларын меңгеруге мүдделі 8-18 жас аралығындағы қыздарға арналған. Оның басты мақсаты – қыздардың ІТ әлеміне деген қызығушылығын ояту және технология әлемді жақсы жаққа өзгертудің тиімді құралы бола алатынын көрсету.
«Егер сіз IT саласында дамытқыңыз келсе, бірдей қызығушылықтары бар ортаны табу маңызды, өйткені қоғамдастық және сізбен ортақ мүдделері бар басқа адамдармен қарым-қатынас өте маңызды», — дейді Мила Баду, Яндекс Такси бағдарлама тәлімгері және аға сынақ инженері.
Биылғы жылы Қазақстан дүниежүзі бойынша берілген өтінімдер саны бойынша ТОП-3 елдердің қатарына енді: 2 345 қыз өтініш берді, бұл Қазақстан үшін рекордтық көрсеткіш. 12 апталық бағдарлама бағдарламалау, іскерлік дағдылар, маркетинг және презентация дағдылары бойынша білім беру модульдерін қамтыды. Қатысушылар сонымен қатар Yandex Qazaqstan мамандарынан, ғылыми қауымдастықтан және әлеуметтік кәсіпкерлерден дәрістер алды. Бағдарламаға қатысу мүлдем тегін.
Бағдарлама елімізде жұмыс істеген 8 жыл ішінде Қазақстан құрамалары 6 рет финалға шықты. 2017 жылы Қазақстан командасы 63 елдің арасында Гран-при жеңіп алды.
Қазақстанда бұл бағдарлама Kinergy коммерциялық емес жобасы болып табылады және негізгі демеушілері Yandex Qazaqstan, Alstom Foundation, People Consulting, Lenovo және т.б.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз