---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/07/11/zhambyl-oblysynda-iri-esirtki-plantacziyasy-zhojyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жамбыл облысында ірі есірткі плантациясы жойылды

![Жамбыл облысында ірі есірткі плантациясы жойылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/07/a3b495c6-f504-4966-9877-dc72f5561299.jpeg)

**Жамбыл облысында ірі есірткі плантациясы жойылды,****деп хабарлайды****Qazaqpress Polisia.kz****-ке сілтеме жасап.**

Полиция қызметкерлері «Қарасора – 2024» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Жамбыл ауданында есірткі өсімдігін заңсыз өсіру дерегін анықтады.

Қарасора, көкнәр сорттарын өсірді деген күдікпен 61 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

Оның үйіндегі бақшадан жалпы салмағы 1520 түп көкнәр өсімдігі, 37 каннабис бұтасы анықталды. Барлығы 100 келіден асатын есірткі тәркіленді, оның ішінде көкнәр – 54 келі,  марихуана – 53 келі.

* – Ұсталған адам өз кінәсін толығымен мойындады, Жамбыл АПБ уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. «Қарасора – 2024» іс-шарасы аясында есірткіні заңсыз өсіруді, транзиттеуді, алқаптарын және есірткі зертханасын жоюды, ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған іс-шаралар одан әрі жалғасатын болады, – деді  ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.*

*Фото: Polisia.kz*

---

Жарияланды: 2024-07-11T07:01:10+06:00

Жаңартылды: 2024-07-11T07:01:10+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/07/11/zhambyl-oblysynda-iri-esirtki-plantacziyasy-zhojyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.