---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/07/11/n%d3%a9ser-zha%d2%a3byrdan-kejin-almaty-k%d3%a9shelerin-ta%d2%93y-su-basty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Нөсер жаңбырдан кейін Алматы көшелерін тағы су басты

![Нөсер жаңбырдан кейін Алматы көшелерін тағы су басты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/07/whatsp13127-30b8456b.webp)

**Алматының кейбір жерасты өткелдері мен көшелерін нөсер жаңбырдан кейін су басты, коммуналдық қызметтер салдарын жоюға кірісіп кетті, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Алматылықтар әлеуметтік желідеәл-Фараби даңғылының жоғары жағында бұршақ жауғанын және жерасты өткелдері жаңбыр суына толып кеткені туралы жарыса жазып жатыр.

Қала әкімдігінен мәлім еткендей, 10 шілдеде жауын-шашынның мол түсуіне байланысты әл-Фараби даңғылындағы «Есентай-Молл» СОО маңында жаңбыр суы жиналып қалды.

Бұл жерге Бостандық ауданы әкімдігінің мердігер ұйымы және «Алматы су» коммуналдық қызметінің техникасы, Алматы ТЖД сорғы станциясы жіберілді.

Сағат 21:30-дағы жағдай бойынша суды сору аяқталды.

> «Сонымен қатар, Жәңгір хан көшесі бойындағы Ерменсай шағын ауданында Алматы қаласы әкімдігінің құтқару қызметінің арнайы техникасы алдын ала жіберіліп, стационарлық сорғылар дайындыққа келтірілді. Жауын-шашын салдарынан судың локальді жиналуы орын алды. Бұл жерде Алматы қаласы әкімдігінің құтқару қызметінің, Бостандық ауданының мердігер ұйымы «Стам Сервис» ЖШС күштері жұмыс істейді, олар «Илосос» арнайы техникасының, сондай-ақ екі стационарлық сорғының көмегімен су соруды жүргізеді», — деп атап өтті әкімдіктен.

Аудан әкімдіктерінде жұмыс өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

«Қазгидромет» РМК болжамынша, түнде ауа температурасы +18…+20°C, ертең түстен кейін +29…+31 және күндіз өткінші жаңбыр жауады деп күтілуде.

*Фото: bestnews.kz*

---

Жарияланды: 2024-07-11T06:38:46+06:00

Жаңартылды: 2024-07-11T06:38:46+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/07/11/n%d3%a9ser-zha%d2%a3byrdan-kejin-almaty-k%d3%a9shelerin-ta%d2%93y-su-basty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.