---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/07/05/almatyda-biyl-2-my%d2%a3-bala-%d2%9byzylsha-zh%d2%b1%d2%9btyr%d2%93an/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда биыл 2 мың бала қызылша жұқтырған

![Алматыда биыл 2 мың бала қызылша жұқтырған](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/07/1e036b108e1a19aa0fecf4397697be45_original.42056.jpg)

**Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мегаполисте жыл басынан бері қызылшаның 3 257 расталған жағдайы тіркелгенін хабарлады, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Департамент басшысы Қасымхан Алпысбайұлының айтуынша, 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылшаның 2008 жағдайы (61,8%), 15 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында – 167 (5,1%) және ересектер арасында – 1 082 (33,2%) жағдайы тіркелген. СЭБ басшысы балалар арасындағы аурушаңдықтың негізгі себебі – вакцинациядан бас тарту екенін айтады.

> – Қызылша – науқас адамнан сау адамға ауа арқылы, тыныс алу жолдарынан тамшылармен немесе жұқтырған адамдардың мұрнынан немесе тамағынан секрециялармен тікелей байланыста болғанда жұғады. Қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинация 2 рет, біріншісі – 1 жаста (12-15 ай), екіншісі – 6 жаста жүргізіледі. 2023 жылғы 10 қараша мен 2024 жылғы 03 шілденің аралығында қалада қызылша, қызамық, паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау шеңберінде барлығы 162 772 адам қамтылды, — деп атап өтті ол.
> 
> 
> 
> 
> Фото: Gov.kz

---

Жарияланды: 2024-07-05T12:39:20+06:00

Жаңартылды: 2024-07-05T12:39:20+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/07/05/almatyda-biyl-2-my%d2%a3-bala-%d2%9byzylsha-zh%d2%b1%d2%9btyr%d2%93an/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.