---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/07/01/l%d3%99zzat-zhyl%d2%9bybaeva-almatyny%d2%a3-zhetisu-audanyna-%d3%99kim-boldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ләззат Жылқыбаева Алматының Жетісу ауданына әкім болды

![Ләззат Жылқыбаева Алматының Жетісу ауданына әкім болды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/07/aaa.jpeg)

**Қала әкімінің өкімімен ҚР Президенті әкімшілігінің және Алматы қаласы мәслихатының келісімі бойынша Жетісу ауданының әкімі болып Ләззат Жылқыбаева тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Ләззат Жылқыбаева 1975 жылы 29 наурызда туған. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын, Х. А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, Экономика және құқық академиясын бітірген.

Еңбек жолын Алматыдағы №1 Қазақ педагогикалық колледжі тарих пәнінің мұғалімі қызметінен бастаған.

2006 жылдан бастап Алматы қаласы білім басқармасының құрылымында жұмыс істеді.

2012-2016 жылдары Алматы қаласы Білім басқармасы білім бөлімінің басшысы болды.

2016-2019 жылдары Алматы қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары болды.

2019 жылдың желтоқсаннан бастап қазіргі тағайындауға дейін Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы қызметін атқарды.

*Фото: Алматы әкімдігі*

---

Жарияланды: 2024-07-01T08:55:56+06:00

Жаңартылды: 2024-07-01T08:55:56+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/07/01/l%d3%99zzat-zhyl%d2%9bybaeva-almatyny%d2%a3-zhetisu-audanyna-%d3%99kim-boldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.