---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/06/28/memleket-basshysy-b%d2%b1%d2%9baraly%d2%9b-a%d2%9bparat-%d2%9b%d2%b1raldary-%d2%9byzmetkerlerin-merekemen-%d2%9b%d2%b1tty%d2%9btady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін мерекемен құттықтады

![Мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін мерекемен құттықтады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/06/img-6486_mediumthumb.jpg)

**Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін ****мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Qazaqpress Akorda.kz-ке сілтеме жасап.**

«Құрметті журналистер!

Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары қоғам санасын жаңғыртып, ұлт тұтастығын нығайту жолында айрықша рөл атқарады. Баспасөз саласын дамыту, сондай-ақ журналистердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – мемлекеттің маңызды міндетінің бірі.

Қазақ журналистикасының тағылымды тарихы, аға буын қалыптастырған ерекше қолтаңбасы бар. Біз оның бай шежіресі мен ағартушылық дәстүрін барынша сақтауымыз қажет. Бүгінгі ақпарат саласының өкілдері осы сабақтастықты лайықты жалғастырып, өзіне жүктелген жауапты миссияны абыроймен атқарып келеді.

Сіздер қай кезде де халыққа шынайы әрі жедел хабар таратып, кәсіби біліктіліктің озық үлгісін көрсетіп жүрсіздер. Болашақта да елдік мәселелерді көтеріп, ұлттық құндылықтарды насихаттауға белсене атсалыса бересіздер деп сенемін. Баршаңызға бақ-береке, толағай табыс, шығармашылық шабыт тілеймін!», — деп жазылған Президент құттықтауында.

*Фото: Akorda.kz*

---

Жарияланды: 2024-06-28T07:33:26+06:00

Жаңартылды: 2024-06-28T07:33:26+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/06/28/memleket-basshysy-b%d2%b1%d2%9baraly%d2%9b-a%d2%9bparat-%d2%9b%d2%b1raldary-%d2%9byzmetkerlerin-merekemen-%d2%9b%d2%b1tty%d2%9btady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.