Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің журналистика және телевизия саласының дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабаралайды Qazaqpress.
Осы туралы Мәжіліс депутаты Максим Рожин өз пікірін білдірді.
«Бүгін президент Қасым — Жомарт Тоқаев журналист әріптестерімді кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Жылда болатын бұл шарада кәсібіміздің үздіктері марапатталады, салаға елеулі үлес қосып жүрген әріптестер өздерінің лайықты бағасын алады. Бұл орынды дүние, салада қызмет ету оңай емес, әр бір материалыңа жауапкершілік үлкен, қоғам талабы зор.
Бүгін өз сөзінде Мемлекет басшысы қоғамды алаңдатып жүрген бірәз мәселені сөз етті. Көтерілген мәселелерде отандық журналистиканың орыны ерекше, өйткені мемлекет пен қоғамның сапалы байланысын осы сала мамандары қамтамасыз етеді.
Дер кезінде іске асқан коммуникация орнықты дамудың, тыныштықтың, тұрақтылықтын кепілі. Сондықтан журналистика саласы қоғамдық институт ретінде орыны ерекше.
БАҚ — тың қоғамда орын алып жатқан кеселдерге дер кезінде жасаған реакциясы ары қарай маңызды өзгерістерге ұласып жатыр. Бүгінгі шарада Президент «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңда журналисттердің орны мен сол Заңның қабылдауға әсерін ерекше атап кетті. Сол сияқты қоғамда орын алып жатқан басқа да кеселдерге қатысты БАҚ өкілдерінің реакциясы өте маңызды.
Атырауда болған Ұлттық құрылтай отырысында Мемлекет басшысы жалпыға ортақ болу керек ұлттық құндылықтар туралы айтқан болатын. Бұл – Тәуелсіздік пен отаншылдық, бірлік пен ынтымақ, әділдік және жауапкершілік, Заң және Тәртіп, еңбекқорлық және кәсіби біліктілік, жасампаздық және жаңашылдық.
Президент осы құндылықтарды қоғам санасына орнықтыруда журналистерге де үлкен сенім артылатынын айтты. Сондықтан, журналистер қауымы осы маңызды жұмысқа зор жауапкершілікпен қарауы тиіс», — деп Бажин Facebook парақшасында жазды.
Фото: Akorda.kz
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз