Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

«Таза Қазақстан»: AULAFIT әлеуметтік жобасының қатысушылары экологиялық акцияны қолдады

admin by admin
27 июня, 2024
«Таза Қазақстан»: AULAFIT әлеуметтік жобасының қатысушылары экологиялық акцияны қолдады

Астанада қала тұрғындарына жаттықтырушымен бірге тегін және тікелей өз ауласында спортпен шұғылдануға мүмкіндік беретін AULAFIT әлеуметтік жобасы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Qazaqpress Gov.kz-ке сілтеме жасап.

Байланысты

Құрылтай-2026: теледебаттан кейін партиялар өңірлерге қайта оралды

Суд по делу Бажкеновой: несмотря на опровержение Генпрокуратуры, материал всё равно опубликовали

Партиялар мен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы жүйелі негізде артып келеді – «Sarap» клубының сарапшылары

Бүгін жоба қатысушылары таңғы жаттығуды экоакцияны қолдау мақсатында ерекше өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Таңғы жаттығуға жиналған астаналықтар сенбілікке қажетті спорттық жабдықтармен түрлі жаттығу жасап, қалада өтіп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдайтындарын білдірді.

AULAFIT әлеуметтік жобасының жетекшісі Айтжан Мусиннің сөзінше, алдағы уақытта өзге аулаларда да таңғы және кешкі жаттығу барысы қызықты өткізілмек.

«Бұл жоба осыдан төрт жыл бұрын бастау алып, еліміздің түкпір-түкпірінде кеңінен жүзеге асырыла бастады. Айтулы жоба арқылы қала тұрғындары жаттықтырушымен бірге тегін әрі өз үйінің ауласында спортпен шұғылдана алады. Оның аясында жаттықтырушылар күнделікті әр аулаға барып, футбол, баскетбол, волейбол сияқты командалық ойындар бойынша және жалпы физикалық дайындық бойынша жаттығулар жүргізеді. Қатысамын деушілердің жасына шектеу қойылмайды. Бүгіннен бастап барлық аула тұрғындары «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясын қолдау мақсатында жаттығудан кейін аулаларын жинастырады. Одан бөлек жаттығу барысын да ерекше өткізді. Алдағы уақытта бұл үрдіс барлық аулада жалғасын табады», — дейді А.Мусин.

Бүгінде әлеуметтік жоба елордадағы 30 аулада жүзеге асып жатыр. Оған 3 мыңнан астам қала тұрғыны қатысып, күнделікті спортқа деген белсенділігін көрсетіп жүр. Солардың бірі – 66 жастағы Әділет Ерғалиева. Елорда тұрғыны жоба басталғалы таңғы және кешкі жаттығуларға тұрақты түрде қатысып келеді.

«Мен екі жұмадан бері, яғни осы жоба басталғалы таңғы жаттығуға қатысып жүрмін. Өте керемет жоба. Осында келіп, дене жаттығуларын жасаймыз. Әдетте үйде отырғанда мұндай жаттығуларды ескермейміз, дегенмен денсаулық үшін спортпен айналысу маңызды. Сондықтан да бұл жоба біз сияқты апаларға өте пайдалы. Бәріміз таңертең және кешке бір сағат бойы спортпен шұғылданамыз.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Жаттықтырушымыз – Жантөре мәдениетті және сыпайы жігіт. Ол бізге жаттығуды қалай дұрыс орындау керек екенін түсіндіріп, үйретіп жатыр. Біз апалар болып жоба ұйымдастырушыларына және жаттықтырушымызға алғыс айтамыз», — дейді Әділет Ерғалиева.

Айта кетейік, таңғы жаттығуға қатысушылар одан кейін аула аумағында тазалық жұмысын жасады.

Жалпы елордалықтар жаттықтырушымен тегін және тікелей аптаның әр дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері қаланың 15 жерінде, ал сейсенбі бейсенбі, сенбі күндері өзге 15 аулада спортпен шұғылдана алады.

Яғни, таңғы сағат 9-дан бастап аға буын үшін, ұлдар мен қыздар үшін сағат 10:00-де жаттығулар өтеді. Ал кешке 17:00-ден бастап 6-10 жастағы балаларға арналған сабақтар, 18:00-де 11-15 жастағы балаларға арналған сабақтар және 19:00-де жастарға арналған жаттығулар өтеді.

Дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері жаттығулар келесі мекен-жайлар бойынша өтеді:

1. Н. Тілендиев даңғ., 38;
2. Әнет баба, 11 – «Манхэтен» ТК;
3. Ш. Айтматов даңғ., 60 – «Мадрид» ТК;
4. Сарыарқа көш., 11;
5. Кенесары даңғ., 64 – «Дарын» ТК;
6. Сығанақ көш., 14 – «Шығыс ТК»;
7. С.Кубрин көш., 23/1 – «Европейский» ТК;
8. Ұлы дала, 31/1 — «Алпамыс» ТК;
9. Момышұлы даңғ., 12 – «Астана Меруерт» ТК;
10. Түркістан көш., 10 – «Көркем 2» ТК;
11. Қошқарбаев даңғ., 45;
12. Күйші Дина көш., 31 – «Мирас» ТК;
13. Сауран көш., 3/1 – «Сармат 1» ТК;
14. Мәңгілік ел даңғ., 19 — «Айсанам» ТК;
15. Қабанбай батыр даңғ, 59Б – «Будапешт» ТК.

Сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері спорттық жаттығулар келесі мекен-жайлар бойынша өтеді:

1. С 303 көш., 2 үй;
2. Ш. Айтматов даңғ., 36 – «Жағалау» ТК;
3. Қорғалжын тас жолы, 25 – «Елорда 2020» ТК;
4. Ш. Қосшығұлұлы көш., 20;
5. Пушкин көш., 15 – «Китайская стена» ТК;
6. Ж. Молдағалиев көш., 6;
7. С. Сейфуллин даңғ., 9 – «Джунгарские ворота» ТК;
8. Сарайшық көш., 34 – «Дипломат» ТК;
9. Құдайбердіұлы даңғ., 5;
10. Сауран көш.,5 – «Градкомплекс 2 ТК;
11. Қошқарбаев даңғ., 34 – «Түркістан» ТК;
12. Б.Майлин көш., 31 – «Апато» ТК;
13. Әл Фараби даңғ., 34/3 – «Nova City» ТК;
14. ⁠Бейбарыс сұлтан көш., 11 – «Qazanat River» ТК;
15. ⁠Айнакөл көш., 60 – «Барыс» ТК.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Букмекерлерді жарнамалауға тыйым салынып, жастарға энергетикалық сусын сатылмайды

Келесі жаңалық

Максим Рожин: «Тоқаев қоғамды алаңдатып жүрген бірәз мәселені сөз етті»

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

ҚР ОСК: Барлық сайлау учаскелері мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді болады
Категориясыз

Құрылтай-2026: теледебаттан кейін партиялар өңірлерге қайта оралды

7 августа, 2026
Сот: Сот отырысын жүргізу тілін таңдаған Темірлан Еңбесек…
Категориясыз

Суд по делу Бажкеновой: несмотря на опровержение Генпрокуратуры, материал всё равно опубликовали

6 августа, 2026
Партиялар мен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы жүйелі негізде артып келеді – «Sarap» клубының сарапшылары
Категориясыз

Партиялар мен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы жүйелі негізде артып келеді – «Sarap» клубының сарапшылары

6 августа, 2026
Алматыда өндірістік жарақаттану мен сақтандыру тәуекелдерін төмендетудегі ESG рөлі талқыланады
Категориясыз

Алматыда өндірістік жарақаттану мен сақтандыру тәуекелдерін төмендетудегі ESG рөлі талқыланады

6 августа, 2026
Кассациялық сот заңсыз жұмыстан босатылған қызметкерді қайта жұмысқа қалпына келтірді
Категориясыз

«Не имела доступа к размещению публикаций и выполняла поручения Бажкеновой – экс-корреспондент Orda.kz Дуйсенова

6 августа, 2026
Жаңа жобалар, инвестициялар және өнеркәсіптік коопреация. Ташкентте Өзбекстан-Қазақстан бизнес-форумы өтті
Категориясыз

Жаңа жобалар, инвестициялар және өнеркәсіптік коопреация. Ташкентте Өзбекстан-Қазақстан бизнес-форумы өтті

6 августа, 2026
Келесі жаңалық
Максим Рожин: «Тоқаев қоғамды алаңдатып жүрген бірәз мәселені сөз етті»

Максим Рожин: «Тоқаев қоғамды алаңдатып жүрген бірәз мәселені сөз етті»

Мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін мерекемен құттықтады

Мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін мерекемен құттықтады

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Қостанай облысында жол апатынан екі адам қайтыс болды

Қостанай облысында жол апатынан екі адам қайтыс болды

6 июня, 2023
Алматының таулы аумағында жоғалып кеткен ер адам 2 тәуліктен кейін табылды

Алматының таулы аумағында жоғалып кеткен ер адам 2 тәуліктен кейін табылды

14 декабря, 2020
Жаңа адамдар ÖZGERIS бейнебаянын — алып қашуға қарсы, таңдау құқығы туралы музыкалық үндеуді ұсынды

Жаңа адамдар ÖZGERIS бейнебаянын — алып қашуға қарсы, таңдау құқығы туралы музыкалық үндеуді ұсынды

25 марта, 2026

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Дауысы сенімді, бірақ сөзі жалған»: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы дипфейктердің танымал адамдарды ақпараттық манипуляцияларда қалай пайдаланатынын көрсетті

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Halyk қорының 10 жылдығына орай: Алматы облысында ауыл балалары арасында республикалық турнир өтеді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстандық азамат журналист Лұқпан Ахмедияровты жала жапқаны үшін жауапқа тартуды талап етті

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • ҚР ОСК: Барлық сайлау учаскелері мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Туризм және спорт министрі «Болашақ ойындары 2026» аясындағы фиджитал-футбол жарысына қатысты
  • «Дауысы сенімді, бірақ сөзі жалған»: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы дипфейктердің танымал адамдарды ақпараттық манипуляцияларда қалай пайдаланатынын көрсетті
  • Құрылтай-2026: теледебаттан кейін партиялар өңірлерге қайта оралды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.