Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Букмекерлерді жарнамалауға тыйым салынып, жастарға энергетикалық сусын сатылмайды

admin by admin
27 июня, 2024
Букмекерлерді жарнамалауға тыйым салынып, жастарға энергетикалық сусын сатылмайды
Buy JNews
ADVERTISEMENT

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотерея қызметі, денсаулық сақтау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы мен ілеспе құжат екі оқылымда талқыланып, мақұлданды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Заң Мемлекет басшысының халық арасында ойынға тәуелділікке қарсы күресті күшейту жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында ҚР Парламенті депутаттарының бастамасымен әзірленді.

Байланысты

Жаңа адамдар Әділет партиясының III кезектен тыс съезіне қатысты

«Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

«Заң аясында 7 кодекске және 14 заңға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Біріншіден, құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуы шектелген адамдардың тізімін нақтылау бойынша тиісті нормалар енгізілген. Бұл тұрғыда 21 жасқа толмаған азаматтар, құмар ойындар мен бәс тігуге қатысуға өзіне шектеу қойғандар, мүліктік өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша міндеттемелері орындалмаған әрі борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізілген адамдар, сондай-ақ құмар ойындарға қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаған адамдар ескерілген», — деді сенатор Әсем Рахметова.

Екіншіден, құмар ойындарға тәуелді адамдарды медициналық оңалту тәртібі белгіленіп, консультациялық медициналық бақылау енгізілген. Үшіншіден, ұялы байланыс операторларына электрондық казино, интернет-казино, құмар ойындар, бәс тігу жарнамасы бар мәтіндік хабарламаларды жіберуге тыйым салу қарастырылған.

«Мұнымен қоса, лотерея билеттерін тек лотерея операторы және агенті арқылы ғана тарату жөніндегі талаптар белгіленген. Сонымен қатар, лотерея билеттерін тарату, өткізу орындары нақтыланды. Тұрғын үйлер мен жатақханаларда, мәдениет ұйымдары орналасқан жеке тұрған ғимараттарда, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарында, ғибадат үйлерінде лотерея билеттерін таратуға әрі терминалдарын орнатуға тыйым салынған. Ғимараттарда, көлік құралдарында, бұқаралық ақпарат құралдарында, кино және анықтамалық қызмет көрсетудегі сыртқы жарнамада букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды жарнамалауға тыйым салынған. Қазақстан Республикасының аумағында лицензиясыз шетелдік букмекерлік кеңселердің, тотализаторлардың интернет-ресурстарын қызметіне тыйым салынған», — деді депутат.

Атап айтқанда, заңда букмекерлердің аппараттық-бағдарламалық кешендерін Мемлекеттік кірістер комитеті мен Қаржы мониторингі агенттігінің қолданыстағы ақпараттық жүйелерімен интеграциялауды қамтамасыз ету ескерілген. Ұтыстарды төлеу, әрбір қатысушы және қабылданған ставкалар туралы ақпаратты жинау, өңдеу және сақтау функциялары бар бағдарламалық қамтамасыз ету ретінде бірыңғай есепке алу жүйесінің (БЕАЖ) қызметін регламенттейтін түзетулер енгізілді.

«21 жасқа толмаған адамдарға тікелей немесе сатушының қатысуынсыз сауда автоматтары, механикалық құрылғылар арқылы энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салу көзделген. Мемлекеттік еңбек инспекциясын жергілікті атқарушы органдардан еңбек жөніндегі орталық уәкілетті органға беру ескерілген. Ал «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заңында ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі мәселелері бойынша заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейту көзделіп отыр», — деді Әсем Рахметова.

Фото: pixabay

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік БАҚ-тың міндетін атады

Келесі жаңалық

«Таза Қазақстан»: AULAFIT әлеуметтік жобасының қатысушылары экологиялық акцияны қолдады

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Сарапшылар Қазақстандағы жасанды интеллект пен цифрлық экономиканы дамыту мәселелерін талқылады
Категориясыз

Жаңа адамдар Әділет партиясының III кезектен тыс съезіне қатысты

11 июля, 2026
«Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде
Категориясыз

«Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде

10 июля, 2026
Теңге Қазақстанның ұлттық валютасы ретінде конституциялық мәртебеге ие болды
Категориясыз

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

9 июля, 2026
Аптаптың бағасы: жаз басталғанда климаттық техника нарығы қалай өзгеріп жатыр
Категориясыз

Аптаптың бағасы: жаз басталғанда климаттық техника нарығы қалай өзгеріп жатыр

9 июля, 2026
Технологиялар әуе көлігі саласына жылына 10 миллиард жолаушыны тасымалдауға дайындалуға қалай көмектеседі
Категориясыз

Технологиялар әуе көлігі саласына жылына 10 миллиард жолаушыны тасымалдауға дайындалуға қалай көмектеседі

9 июля, 2026
«Қазақмыс» өңірлерде жаңа спорт нысандарын салуды жалғастыруда
Категориясыз

«Қазақмыс» өңірлерде жаңа спорт нысандарын салуды жалғастыруда

9 июля, 2026
Келесі жаңалық
«Таза Қазақстан»: AULAFIT әлеуметтік жобасының қатысушылары экологиялық акцияны қолдады

«Таза Қазақстан»: AULAFIT әлеуметтік жобасының қатысушылары экологиялық акцияны қолдады

Максим Рожин: «Тоқаев қоғамды алаңдатып жүрген бірәз мәселені сөз етті»

Максим Рожин: «Тоқаев қоғамды алаңдатып жүрген бірәз мәселені сөз етті»

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Сандар мен тәжірибедегі сенім: HONOR Қазақстандағы жыл қорытындысын шығарды

Сандар мен тәжірибедегі сенім: HONOR Қазақстандағы жыл қорытындысын шығарды

25 декабря, 2025
Алматы облысында үй өртенді

Алматы облысында үй өртенді

2 декабря, 2021
Айыппұлды өтеген кезде кімге 50% жеңілдік берілмейді

Айыппұлды өтеген кезде кімге 50% жеңілдік берілмейді

25 июля, 2022

Топ жаңалықтар

  • Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

    Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Жаңа адамдар Әділет партиясының III кезектен тыс съезіне қатысты
  • Жаңа адамдар Әділет партиясының Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы стратегиялық сессиясына қатысты
  • «Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.