Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

«Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры 7 миллион теңгеге дейінгі гранттық бағдарламаларын таныстырды

admin by admin
25 июня, 2024
«Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры 7 миллион теңгеге дейінгі гранттық бағдарламаларын таныстырды

«Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры медиатренерлерге, өңірлік БАҚ пен блогерлерді қолдауға арналған гранттық бағдарламаларын таныстырды.

Байланысты

Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда

«Жыланды» және «Нұрқазған» кеніштеріне жаңа бұрғылау қондырғылары жеткізілді

Жануарларға мейірімді бол: Жаңа адамдар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетіне арналған акция өткізді

Іс-шара аясында «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қорының бас директоры Әділет Әлімханов Қордың миссиясы мен жетістіктері жайында әңгімелеп берді. Оның айтуынша, гранттар отандық медиа саласы үшін сапалы журналистиканы қолдау, қоғамдық диалогты ынталандыру және елдегі ақпараттық ашықтықты қамтамасыз ету құралы ретінде маңызды.

Сонымен қатар, гранттар беру конкурсы журналистерге саланы дамытудың жаңа тәсілдерін аша отырып, өз идеялар мен жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

«Медиа дамыту қоры» КҚ медиа-индустрия мамандарын қолдайды. Біз пайда әкелетін жобаларды емес, саланы жақсы жаққа өзгертуге дайын тұлғаларды іздеудеміз. Алдағы уақытта біз өз жобасына сенімді, ынта-жігерін салып жұмыс істейтін және жалпы отандық медианың дамуына үлес қосып жүрген жанашырларымен біргеміз», — деп атап өтті Қор басшысы.

Іс-шара аясында медиатренерлерге арналған гранттар конкурсының аралық қорытындысы шығарылды. Өтінім беріп үлгермегендер үшін ұйымдастырушылар өтініш берудің соңғы күні 30 маусым екенін еске салды.

Сондай-ақ кездесу барысында ресми түрде екі ауқымды конкурс бастау алды:

— шағын медиа акселерациясына арналған гранттар;

Buy JNews
ADVERTISEMENT

— әлеуметтік желілердегі контент авторларына арналған гранттар.

Екі бағдарлама да екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде – конкурстық комиссия өтінімді қарайды, екінші кезеңде – авторлар конкурстық комиссияның алдында өз жобаларын қорғайды.

Конкурстың шарттарын мына сілтемелер бойынша толығырақ білуге болады: www.mdq.kz, e-mail: grants.mdq@gmail.com, Instagram: @media.damytu.qory, +7 775 8073893.

Жиналған қонақтардың ішінде жетекші журналистер, блогерлер, мемлекеттік органдар мен сарапшылар топтарының өкілдері болды. Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында «Медиа дамыту қоры» КҚ басшысы Әділет Әлімханов әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Өз кезегінде кездесуге келген қонақтар журналистика саласындағы гранттық бағдарламалар пікір алмасу мен сөз бостандығының драйвері ретінде, сондай-ақ  қоғамдағы кәсібилік пен ақпараттық сауаттылықтың дамуына зор үлес қосатынын атап өтті.

Қор «Халық» қайырымдылық қоры мен «Freedom Telecom» компаниясына маңызды мерекелік іс-шараны іске асыруға қосқан құнды үлесі үшін алғыс білдіреді.

Анықтамалық материал:

«Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры 2020 жылы құрылды. Қор өз жұмысы барысында журналистер мен блогерлерді даярлауға, олардың кәсіби деңгейін арттыруға, Қазақстандағы БАҚ-тың сапалы дамуына жағдай жасауға, сенімділікке, кәсібилікке және жауапкершілікке негізделген ақпараттық қоғамды қалыптастыруға үлес қосуға белсене атсалысып келеді. Қор қазір осы жұмыстардың ең маңызды кезеңі – бірқатар гранттық бағдарламаларды іске қосуды жүзеге асыруда.

 

 

 

 

 

 

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Air Astana тобы World Airline Awards 2024 бірнеше марапатқа ие болды

Келесі жаңалық

Ерлан Ғазымжанов: Бишімбаевқа үкім шығарарда сот 20 заң бұзушылыққа жол берді

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда
Категориясыз

Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда

20 июля, 2026
«Жыланды» және «Нұрқазған» кеніштеріне жаңа бұрғылау қондырғылары жеткізілді
Категориясыз

«Жыланды» және «Нұрқазған» кеніштеріне жаңа бұрғылау қондырғылары жеткізілді

20 июля, 2026
Жануарларға мейірімді бол: Жаңа адамдар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетіне арналған акция өткізді
Категориясыз

Жануарларға мейірімді бол: Жаңа адамдар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетіне арналған акция өткізді

19 июля, 2026
Жезқазғанда «Қазақмыс» металлургтері жоғары марапаттарға ие болды
Категориясыз

Жезқазғанда «Қазақмыс» металлургтері жоғары марапаттарға ие болды

18 июля, 2026
Астанада фиджитал спорт бойынша әлемдегі ең ірі халықаралық турнирлердің бірі – Болашақ ойындары өтеді.
Категориясыз

Астанада фиджитал спорт бойынша әлемдегі ең ірі халықаралық турнирлердің бірі – Болашақ ойындары өтеді.

17 июля, 2026
Балқашта Металлург күніне арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтті
Категориясыз

Балқашта Металлург күніне арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтті

17 июля, 2026
Келесі жаңалық
Ерлан Ғазымжанов: Бишімбаевқа үкім шығарарда сот 20 заң бұзушылыққа жол берді

Ерлан Ғазымжанов: Бишімбаевқа үкім шығарарда сот 20 заң бұзушылыққа жол берді

«Таза Қазақстан» жалпы республикалық акциясын жүзеге асыру аясында «Алматы Жазы» акциясы басталды

«Таза Қазақстан» жалпы республикалық акциясын жүзеге асыру аясында «Алматы Жазы» акциясы басталды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

2026 қысқы портфелі: биылғы маусымның талдаушыларының талдауы

2026 қысқы портфелі: биылғы маусымның талдаушыларының талдауы

2 декабря, 2025
Динара Сәтжан: Маған 300 мың теңге жетпегендіктен, кәсібімді аштым

Динара Сәтжан: Маған 300 мың теңге жетпегендіктен, кәсібімді аштым

25 января, 2022
Екі облыста карантин режимі күшейтілді

Қазақстанда өткен тәулікте 930 адам коронавирусқа шалдыққан

21 июня, 2021

Топ жаңалықтар

  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірісті басқарудың бірыңғай цифрлық экожүйесін қалыптастыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда
  • «Жыланды» және «Нұрқазған» кеніштеріне жаңа бұрғылау қондырғылары жеткізілді
  • Қазақстандық Диана Ержанова триатлоннан жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогының жеңімпазы атанды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.