Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

«Таза Қазақстан»: Ұлытау облысында ауқымды тазалық акциясы өтті

admin by admin
24 июня, 2024
«Таза Қазақстан»: Ұлытау облысында ауқымды тазалық акциясы өтті

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Ұлытау облысында ауқымды шаралар ұйымдастырылды. Бұл күні облыстың барлық қала, аудандарында тазалық акциялары өтті, деп хабарлайды Qazaqpress Gov.kz-ке сілтеме жасап.

Байланысты

Назгүл Жұмағұлова Тәуекелі тастай кәсіпкер

Қазақстанның 500 ірі компаниясы ел экономикасының жартысын қалыптастырып отыр

«Таза Қазақстан»: Текеліде жыл соңына дейін 15 үйдің шатыры мен 14 үйдің қасбеті жаңартылады

Ауқымды акцияның басты мақсаты – аумақтарды тазалаумен қатар, тұрғындардың қоршаған ортаға ұқыпты қарау қажеттілігіне назар аударту.  Тазалық шараларына қатысушылардың барлығы жоғары белсенділік көрсетті. «Жасыл ел» еңбек жасақтары да осы күні белсенділігімен ерекшеленді. Экологиялық іс-шараларға қатысушылар арасында жергілікті билік, қоғамдық ұйымдар, студенттер, белсенділер және қарапайым тұрғындар бар. Акцияға барлығы 245 ұжымнан 2000-нан астам адам мен 68 арнайы техника жұмылдырылды. Барлығы 70 тоннадан астам қоқыс шығарылды.

Облыс бойынша барлығы 483 аула, 24 саябақ пен сквер, 61 тарихи-мәдени ескерткіш аумағы тазартылып, 138 әлеуметтік нысан аумағы қамтылды.

Жезқазған қаласында қала тұрғындары мен еңбек ұжымдары негізгі көшелер мен саябақ, скверлерді тазартты. Жасыл желектерге күтім жасалып, гүлзарлар ретке келтірілді.

Ал, Сәтбаев қаласының еңбек ұжымдары өндірістік мекемелердің аумағын тазалап, сырлау, әктеу жұмыстарын атқарды.

«Қаламызда таза бейсенбілік, сенбілік өткізу дәстүрі бұрыннан бар. Сондықтан да, «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы қала тұрғындары оған белсенді қатысуда. Бүгін де барлық еңбек ұжымдары, қала халқы бастамамызға қолдау білдіріп жатыр», — дейді “Жастар болашақ” жастар қозғалысының төрағасы Луиза Минбаева

Қаражал қаласының тұрғындары да өз аулаларын тазалап, рұқсат етілмеген орындарға төгілген қоқыстарды арнайы полигонға шығарды.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Облыстың Жаңаарқа, Ұлытау аудандарында тазалық акциясы бұлақтар айналасы мен өзен жағасында өтті. Мәселен, Ұлытау ауданының тұрғындары «Күмісбұлақ», «Тасбұлақ» бұлақтарының айналасын тазартып, бұлақ басына келушілерге қолайлы жағдай туғызу мақсатында абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Жаңаарқалықтар Сарысу өзенінің бойын қоқыстан тазалап, жағажайларды ретке келтірді.

Сондай-ақ қалалардағы көпқабатты үйлердің тұрғындары да аулаларын жинап, ретке келтірді. Тазалық акциясына пәтер иелері кооперативтері жетекшілік жасады.

Тазалық акциялары аясында облыстың қала мен аудандарындағы әкімдіктердің жауапты мамандары жергілікті аумақтардағы көшелерді аралап санитарлық тазалықты тексерді. Санитарлық тазалықты сақтамаған, абаттандыру ережесіне сәйкес келмейтін нысандардың иелерімен тілдесіп, кемшіліктерді қысқа мерзімде түзеу қажеттігін айтып, ескерту жасады. Ғимараттар алдын тазалау, аумақты абаттандыру сияқты жұмыстар жүргізу тапсырылды. Сонымен қатар, коммуналдық мекемелер басшыларына қала-аудан көшелерін, жаяу жүргінші жолдары мен аялдама аумақтарын тазарту және қоқыстан арылту жөнінде нақты тапсырмалар жүктелді.

 

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Балқаш пен Алакөлге қосымша пойыздар қатынайды

Келесі жаңалық

Шымкентте «Таза Қазақстан» акциясы аясында қаланың басты су артериясының жағалаулары тазартылды

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Назгүл Жұмағұлова  Тәуекелі тастай кәсіпкер
Категориясыз

Назгүл Жұмағұлова Тәуекелі тастай кәсіпкер

12 июня, 2026
Қазақстанның 500 ірі компаниясы ел экономикасының жартысын қалыптастырып отыр
Категориясыз

Қазақстанның 500 ірі компаниясы ел экономикасының жартысын қалыптастырып отыр

12 июня, 2026
«Таза Қазақстан»: Текеліде жыл соңына дейін 15 үйдің шатыры мен 14 үйдің қасбеті жаңартылады
Категориясыз

«Таза Қазақстан»: Текеліде жыл соңына дейін 15 үйдің шатыры мен 14 үйдің қасбеті жаңартылады

11 июня, 2026
«Қазақмыс» басшылығы Оңтүстік Жезқазған кенішінің ұжымымен ашық кездесу өткізді
Категориясыз

«Қазақмыс» басшылығы Оңтүстік Жезқазған кенішінің ұжымымен ашық кездесу өткізді

11 июня, 2026
Жетісу облысына – 4 жыл: Текеліде ең ұзын Қонаев көшесінің жөндеу жұмыстары аяқталды
Категориясыз

Жетісу облысына – 4 жыл: Текеліде ең ұзын Қонаев көшесінің жөндеу жұмыстары аяқталды

11 июня, 2026
Ұлттық ғылым академиясы Ұлытау облысының ғылыми-технологиялық дамуының басым бағыттарын айқындады
Категориясыз

Ұлттық ғылым академиясы Ұлытау облысының ғылыми-технологиялық дамуының басым бағыттарын айқындады

11 июня, 2026
Келесі жаңалық
Шымкентте «Таза Қазақстан» акциясы аясында қаланың басты су артериясының жағалаулары тазартылды

Шымкентте «Таза Қазақстан» акциясы аясында қаланың басты су артериясының жағалаулары тазартылды

Air Astana тобы World Airline Awards 2024 бірнеше марапатқа ие болды

Air Astana тобы World Airline Awards 2024 бірнеше марапатқа ие болды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Алматыда 1 ақпаннан бастап электр тарифі арзандайды

Алматыда 1 ақпаннан бастап электр тарифі арзандайды

25 января, 2021
ШҚО-да 261 адам қызылша жұқтырды

ШҚО-да 261 адам қызылша жұқтырды

26 марта, 2024
Алматылық нейрохирургтер 6 жасар баланың өмірін сақтап қалды

Алматылық нейрохирургтер 6 жасар баланың өмірін сақтап қалды

30 марта, 2026

Топ жаңалықтар

  • Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» қызметкерлері «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында су айдындарының жағалауын тазартты

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Freedom Finance ҚазТАГ-ты кешіруге дайын, бірақ тек заңға сәйкес кінәсін мойындаған жағдайда ғана.

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Назгүл Жұмағұлова Тәуекелі тастай кәсіпкер
  • Сахна сыртындағы құпиялар және аншлаг жинаған премьера: Cirque du Soleil Алматыдағы OVO гастрольдерін бастады
  • Қазақстанның 500 ірі компаниясы ел экономикасының жартысын қалыптастырып отыр

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.