---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/06/24/da%d2%93ystanda%d2%93y-la%d2%a3kestik-%d2%9basym-zhomart-to%d2%9baev-resej-prezidentine-k%d3%a9%d2%a3il-ajtty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Дағыстандағы лаңкестік: Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президентіне көңіл айтты

![Дағыстандағы лаңкестік: Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президентіне көңіл айтты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/06/kz2-8916-2-scaled.jpg)

**Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дағыстандағы православие шіркеуі мен синагогаға лаңкестік әрекеттер жасалып, соның салдарынан дін және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қаза болуына байланысты Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айтты, деп хабарлайды Qazaqpress.**

> «Қазақстан Президенті құқық қорғау жүйесі арқылы жедел-іздестіру шараларын жүргізуде көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді», — деп жазды Ақорданың ресми сайты

Мемлекет басшысы адамзатқа қарсы жасалған мұндай әрекетті үзілді-кесілді айыптайды, сондай-ақ, БҰҰ, ШЫҰ және басқа да беделді халықаралық ұйымдар аясында лаңкестікпен күресу үшін көпжақты ынтымақтастықты дамытуды қолдайды.

Айта кетейік, кеше Дағыстанда белгісіз біреулер православ шіркеуі мен синагогаға шабуыл жасағанын хабарлаған болатынбыз.

*Фото: Akorda.kz*

---

Жарияланды: 2024-06-24T07:16:28+06:00

Жаңартылды: 2024-06-24T07:16:28+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/06/24/da%d2%93ystanda%d2%93y-la%d2%a3kestik-%d2%9basym-zhomart-to%d2%9baev-resej-prezidentine-k%d3%a9%d2%a3il-ajtty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.