---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/06/21/sport-ministri-parizh-olimpiadasyna-80-85-zholdamamen-barsa%d2%9b-dep-otyrmyz/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Спорт министрі: Париж Олимпиадасына 80-85 жолдамамен барсақ деп отырмыз

![Спорт министрі: Париж Олимпиадасына 80-85 жолдамамен барсақ деп отырмыз](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/06/uvb69lks.jpg)

**Парламент палаталарының бірлескен отырысында Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Қазақстан спортшылары Парижде өтетін Олимпиада ойындарына ауыр атлетикадан бір де бір жолдама алмағанын айтты, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

> «Олимпиада – ең үлкен маңызды дода. Париждегі жарысқа 205 мемлекеттің 10,5 мың спортшысы 32 түрінен қатысады. Бүгінгі таңда бізде 22 спорт түрінен 78 лицензия бар. Өкінішке қарай, биыл әйелдер күресі мен ауыр атлетикадан лицензия ала алмадық», — деді ол.

Министр ең көп жолдама алған өңірлерді де атады.

> «Өңірлерге келсек, ең үлкен үлес қосқан өзіміздің Алматы қаласы – 16 жолдама. Шымкент қаласынан – 12, Астана қаласынан – 9, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жетісу облыстарынан 5 жолдамадан бар. Әлі 4 рейтингілік-лицензиялық турнир бар. Жалпы жиыны 80-85 жолдама алып, Париж Олимпиадасына барамыз деп үміттенеміз», — деді Ермек Маржықпаев.
> 
> 
> 
> 
> Фото: inbusiness.kz

---

Жарияланды: 2024-06-21T08:58:36+06:00

Жаңартылды: 2024-06-21T08:58:36+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/06/21/sport-ministri-parizh-olimpiadasyna-80-85-zholdamamen-barsa%d2%9b-dep-otyrmyz/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.