---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/06/20/k%d3%a9lik-vicze-ministri-astana-%d3%99uezhajynda%d2%93y-zh%d3%a9ndeu-zh%d2%b1mystaryna-t%d2%afsinik-berdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Көлік вице-министрі Астана әуежайындағы жөндеу жұмыстарына түсінік берді

![Көлік вице-министрі Астана әуежайындағы жөндеу жұмыстарына түсінік берді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/06/old-image-61021-1.jpg)

**Астана әуежайындағы жөндеу жұмыстары беекітілген уақыт аралығында аяқталады, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Бұл туралы ҚР Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров айтты.

Сенаттағы баспасөз мәслихатында тілшілер Астана әуежайындағы жөндеу жұмыстарына қатысты сұрады.

Өз кезегінде М. Қалиақпаров бұл нысанға Abu Dhabi Ports атты жеке инвестор келгенін еске салды.

> «Ол әлемдегі 15 әуежайға иелік етеді, халықаралық тәжірибесі айтарлықтай жоғары. Техникалық және қаржылық аудит жасалды. Содан кейін онда ұшып-қону жолағын жөндеу керек болды. Сондықтан инвестор өз қаржысы есебінен жөндеп жатыр. Бұл – уақытша құбылыс. Жақында жөндеу аяқталып, әуежай штаттық режимде жұмыс істейді. Жұмыс уақытында аяқталады», — деді вице-министр.
> 
> 
> 
> 
> Фото: Kursiv.kz

---

Жарияланды: 2024-06-20T08:27:56+06:00

Жаңартылды: 2024-06-20T08:27:56+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/06/20/k%d3%a9lik-vicze-ministri-astana-%d3%99uezhajynda%d2%93y-zh%d3%a9ndeu-zh%d2%b1mystaryna-t%d2%afsinik-berdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.