Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

«Таза Қазақстан» акциясы Маңғыстау облысында жалғасуда

admin by admin
18 июня, 2024
«Таза Қазақстан» акциясы Маңғыстау облысында жалғасуда

18 маусымда Маңғыстау ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті тазалау жұмыстары жүргізілді.

Байланысты

Технологиялар 2026 жылды бастайды: жаңа өнімдердің жарқын тұсаукесері

Партиядағы пікірталас

Астанада жастарға «Арт әлемі: Шығармашылық жастар арасындағы авторлық құқық» іс-шарасы ұйымдастырылды

Бұл жолы «Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінің аумағы қоқыстан тазартылды. Еріктілер тұрмыстық қалдықтарды жинап, ғимарат ішінде де, оған іргелес аумақта да тазалық жұмыстарын жүргізді.

Акцияға «Жасыл ел» жастар жасағының 20-дан астам жастары белсенді қатысты. Қатысушылар тарихи-мәдени кешенді таза және жайлы ұстаудың барлық демалушылар үшін маңыздылығын атап өтіп, сондай-ақ аудан тұрғындары мен қонақтарын қоршаған ортаны таза ұстауға бағыттады.

«Отпан тау» тарихи-мәдени кешені Маңғыстау ауданы Жыңғылды ауылынан шығысқа қарай 15 шақырым жерде орналасқан. Бұған дейін «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауданда «Ыбықты сай» шатқалының, Тобықты жеріндегі «Бекет ата» жерасты мешітінің, «Масат ата» қорымының аумағында, сондай-ақ, Ақмыш пен Шерқалада сенбіліктер ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Оңды ауылында 200 ағаш, Жыңғылды және Жармыш ауылдарында 100 ағаш және Шебір ауылында 30 ағаш отырғызылған болатын.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылында орналасқан «Қошқар ата» қорымында тазалау жұмыстары жүргізілді. Оған М. Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының қызметкерлері мен Қ. Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының қызметкерлері қатысты.

«Қошқар ата» қорымы Ақтау қаласынан 17 шақырым жерде солтүстік-батыс бағытта орналасқан. Қорым жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне, сондай-ақ Маңғыстау облысының өңірлік маңызы бар киелі объектілерінің тізіміне енгізілген. Зерттеу жұмысының нәтижесінде мұнда 81 тарихи ескерткіш тіркелген.

«Таза Қазақстан» акциясы Мұнайлы ауданы Баянды ауылының маңындағы «Бердібек әулие» қорымының аумағында жалғасты. Акцияға Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театрының әртістері, Маңғыстау облысы Мемлекеттік мұрағатының ұжымы, сондай-ақ «Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына қарасты «Отпан» МКҚК ұжымы өз үлестерін қосты.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Ақтау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 19,5 шақырым қашықтықта орналасқан «Бердібек әулие» қорымы жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. Қорымда құлпытастар, тас қоршаулар және тастан жасалған әртүрлі пішіндер бар. Мұндағы басты нысан күмбезтамның ең ежелгісінің құрылыс тастары жартылай өңделген ұлутастардан саз балшық араластырылып көлденең қаланған.

Бұдан әрі «Таза Қазақстан» акциясы Қарақия ауданындағы «Бозжыра» шатқалының аумағында жалғасты. Жыл басынан бері «Жабайұшқан» мемлекеттік қорығының аумағында орналасқан «Бозжыра» шатқалына әртүрлі елдерден мыңнан астам турист келіп үлгерді. Аймақта туристердің көп болуына байланысты әртүрлі қалдықтар да көп жиналады. Акцияға «Қызылсай мемлекеттік өңірлік паркі» КММ инспекторлары мен белсенді жастар қатысты. Акция барысында 20 қаптан астам түрлі қоқыс жиналып, арнайы полигонға жөнелтілді.

Сонымен қатар, «Жабайұшқан» қорығының басшысы Ж.Есенғалиев туристік аумаққа келетін жастарға аумақты таза ұстау, өрт қауіпсіздігі ережелеріне қатаң назар аудару, биік шыңдары бар жартастарға жақындамау, барынша қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында «Эко Маңғыстау» ҮЕҰ жаңа экологиялық жобалар іске қосылды. «Маңғыстау Эко» үкіметтік емес мекемесі ЖАО қолдауымен өңірдің экологиялық тұрақтылығын жақсартуға, экологиялық хабардарлық деңгейін арттыруға және Маңғыстау облысының тұрғындары арасында экологиялық қозғалысты жандандыруға бағытталған үш маңызды экологиялық жобаны іске қосу туралы жарияланды.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында «Эко Маңғыстау» ҮЕҰ жаңа экологиялық жобалар іске қосылды. «Эко Маңғыстау» үкіметтік емес мекемесі ЖАО қолдауымен өңірдің экологиялық тұрақтылығын жақсартуға, экологиялық сауаттылық деңгейін арттыруға және Маңғыстау облысының тұрғындары арасында экологиялық қозғалысты жандандыруға бағытталған үш маңызды экологиялық жобаны іске қосу туралы жарияланды.

 «ЭкоRevolut: жарқын болашаққа арналған инновациялар» және «ЭкоВзгляд: Маңғыстау облысындағы табиғатқа қамқорлық» жобалары. Бұл жобалар мыналарға бағытталған:

— қатты тұрмыстық қалдықтармен жұмыс істеу жүйесін жақсарту.

— суды пайдалану тиімділігін арттыру.

— облыс тұрғындары арасында экологиялық сауаттылық деңгейін арттыру және табиғатқа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру.

Осы жобалар аясында Маңғыстаудың бірегей табиғи аумақтарын тазарту бойынша 200-ден астам еріктілердің қатысуымен бірнеше акциялар өткізілді. Жазғы демалыста макулатура жинау бойынша «Эко Школьник» конкурсы іске қосылды және қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесі үшін «Признание» премиясы белгіленді. Бұл сыйлық алғаш рет 2016 жылы Ақтауда берілді, номинанттар арасында Олжас Сүлейменов пен Маңғыстаудың бұрынғы әкімі Алик Айдарбаев бар.

Жоспарланған іс-шараларға мыналар кіреді:

— ҚТҚ сұрыптау және жинау бойынша таныстыру акциялары;

— оқушылар арасында суреттер мен бейнероликтер конкурстары;

— тұрғындар мен кәсіпкерлер арасында Үздік экологиялық тәжірибелер байқауы;

— әлеуметтік желілердегі ақпараттық-білім беру науқандары;

— БАҚ пен блогерлерге арналған конкурстар;

— Осы жылы күзде өтетін табиғаттағы экологиялық акциялар.

Осы іс-шаралардың барлығы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоршаған ортаны қорғауға бағытталған «Таза Қазақстан» бастамасына сәйкес келеді.

Жоба «ECOVIBE AKTAU: Белсенділік. Инновация. Қауымдастық». Бұл Ақтау қаласы әкімдігінің бастамасымен алғаш рет ұйымдастырылып отырған жоба.

— Ақтауда тұрақты экологиялық және әлеуметтік жауапты орта құру;

— жастар мен қоғамдастықты жандандыру.

— қоршаған ортаны және қоғамдық мүлікті қорғаудың инновациялық тәсілдерін енгізу.

Жоба «Ең жақсы аула», «Ең жақсы кіреберіс», «Ең жақсы тұрғын үй» және «Ең жақсы тазалықшыны» анықтауға бағытталған «Трансформация» конкурстарын, сондай-ақ мобилографтар арасында көгалдандыру, қалдықтарды қайта өңдеу, энергия тиімділігі, вандализмге қарсы күрес және басқа да экологиялық тақырыптар туралы бейнероликтер жасауға арналған конкурсты қамтиды. «Эко Маңғыстау» ҮЕҰ барлығын осы бастамаларға белсенді қатысуға шақырады. Сондай-ақ Маңғыстау облысы үшін неғұрлым орнықты және экологиялық қауіпсіз болашақ құруға өз үлесін қосуға үндейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Астана полицейлері көшеде қызды ұрып-соғу фактісін тексеріп жатыр

Келесі жаңалық

Аида Балаева киіз үйде жартылай жалаңаш билегендердің видеосына қатысты пікір білдірді

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Технологиялар 2026 жылды бастайды: жаңа өнімдердің жарқын тұсаукесері
Категориясыз

Технологиялар 2026 жылды бастайды: жаңа өнімдердің жарқын тұсаукесері

6 февраля, 2026
Партиядағы пікірталас
Категориясыз

Партиядағы пікірталас

6 февраля, 2026
Астанада жастарға «Арт әлемі: Шығармашылық жастар арасындағы авторлық құқық» іс-шарасы ұйымдастырылды
Категориясыз

Астанада жастарға «Арт әлемі: Шығармашылық жастар арасындағы авторлық құқық» іс-шарасы ұйымдастырылды

6 февраля, 2026
«КОНСТИТУЦИЯНЫ ЖҮЙЕЛІ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Категориясыз

«КОНСТИТУЦИЯНЫ ЖҮЙЕЛІ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

6 февраля, 2026
Астанада қар күреу жұмысына 3 000-нан астам жол жұмысшысы мен 1 700-ден аса арнайы техника жұмылдырылды
Категориясыз

Астанада қар күреу жұмысына 3 000-нан астам жол жұмысшысы мен 1 700-ден аса арнайы техника жұмылдырылды

6 февраля, 2026
Белгілі заңгер Жаңа Конституция жобасын бүкілхалықтық референдумға шығару туралы ұсынысты қолдады
Категориясыз

Белгілі заңгер Жаңа Конституция жобасын бүкілхалықтық референдумға шығару туралы ұсынысты қолдады

6 февраля, 2026
Келесі жаңалық
Аида Балаева киіз үйде жартылай жалаңаш билегендердің видеосына қатысты пікір білдірді

Аида Балаева киіз үйде жартылай жалаңаш билегендердің видеосына қатысты пікір білдірді

Тоқаев Киевте Қазақстан журналисіне жасалған қастандық әрекетке қатысты пікір білдірді

Тоқаев Киевте Қазақстан журналисіне жасалған қастандық әрекетке қатысты пікір білдірді

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Кейінгі тәулікте Қазақстанда қанша адам COVID-19 жұқтырды?

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын 1 351 адам жұқтырған

18 февраля, 2022
Өткен тәулікте Қазақстанда 35 адам коронавирус жұқтырды

Өткен тәулікте 47 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

13 февраля, 2023
Парламентте отандық өндірісті қолдау үшін заңнаманы жетілдіру мәселелері талқыланды

Парламентте отандық өндірісті қолдау үшін заңнаманы жетілдіру мәселелері талқыланды

3 ноября, 2023

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қызым» — осы қыстың ең жылы премьерасы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Jack port Off Sites — Avoiding Jerks With Sex Webcam Girls

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Freedom Media «Сёгун» сериалының қазақ тіліндегі алғашқы ресми дубляжын ұсынды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Технологиялар 2026 жылды бастайды: жаңа өнімдердің жарқын тұсаукесері
  • Партиядағы пікірталас
  • Астанада жастарға «Арт әлемі: Шығармашылық жастар арасындағы авторлық құқық» іс-шарасы ұйымдастырылды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.