---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/06/03/insultti%d2%a3-%d2%9bajtalanu-m%d2%afmkindigin-%d2%9balaj-azajtu%d2%93a-bolady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Инсульттің қайталану мүмкіндігін қалай азайтуға болады

![Инсульттің қайталану мүмкіндігін қалай азайтуға болады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/06/photo-2024-06-03-10-01-06.jpg)

**Инсульт — бұл адамның өмірін айтарлықтай өзгертіп жіберуі мүмкін ең ауыр әрі қауіпті күй.**

Алайда, емдеу сәтті болып, денсаулық қалпына келсе де, инсульттің қайталану мүмкіндігін жоғары болып қала береді. Алматы қаласының №11 қалалық емханасы дәрігер-кардиологы Эльвира Масимова бұндай тәуекелді тоқтатып, денсаулықты сақтап қалуға септігі тиер кесімді кеңестерін ортаға салды.

Маманның айтуынша инсульттің қайталануы біріншіге себеп болған тәуекел факторларымен байланысты, олар: жоғары қан қысымы, жүрек-қан тамыр аурулары, холестерин деңгейінің жоғары болуы, темекі тарту, семіздік, дұрыс тамақтанбау және қимыл-қозғалыс аз болатын өмір салты. Осы себепті денсаулықты үнемі қадағалап отыру мен жүйелі түрде дәрігерге қаралып тұру инсульт қайталануының алдын ала алады.

Инсульт алғандарға дәрігерлер қайталама инсультті болдырмауға сеп болатын дәрілерді жиі белгілейді. Бұндай препараттарға антикоагулянттар, антиагреганттар және гипотензивтік дәрілік заттар жатады. Осы себепті дәрігердің дәрілерді ішу жөніндегі айтқанын бұлжытпай орындау, белгіленген дәрі мөлшерін уақтылы қабылдау және дәрігермен кеңеспестен дәрілерді ішуді тоқтатпау өте маңызды.

> — Кардиолог пен басқа да мамандарға жүйелі түрде қаралып, организмдегі холестерин, қант мөлшерін және басқа көрсеткіштерді бақылау үшін жүйелі түрде талдамаға қан тапсырып тұру қажет. Жалпы алғанда, инсулттің қайталануын болдырмау үшін түрде емделіп, денсаулықты қадағалап отыру керек. Дәрігердің айтқан кеңесі бойынша жүру мен өмір салтын өзгерту инсульттің қайталану мүмкіндігін анағұрлым азайтып, өмір сапасын жақсартуға септігін тигізеді. Есіңізде болсын, өз денсаулығыңызды күту — бұл айтарлықтай нәтиже беретін күнделікті қажырлы еңбек. Инсульттің қайтануынан сақтану үшін аз-аздан бастап, біртіндеп жақсы әдеттерді бойыңызға сіңіріңіз», – деп маман сөзін түйіндеді.

---

Жарияланды: 2024-06-03T05:35:09+06:00

Жаңартылды: 2024-06-03T05:35:09+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/06/03/insultti%d2%a3-%d2%9bajtalanu-m%d2%afmkindigin-%d2%9balaj-azajtu%d2%93a-bolady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.