Бұл ауру науқаста төбелес барысында көзінен жарақат алғаннан кейін орын алған.
Бірақ, науқас ұзақ уақыт бойы медициналық көмекке жүгінбеген, ал бұл өз кезегінде аурудың асқынуына әкеп соққан. Қабақтың төгілген іріңді қабынуы нәтижесінде тіндердің ақауы пайда болып, некрозға әкелді.
Науқастың көзі мүлдем ашылмай, ауырсыну мен қатты ісіну орын алды. Емдеуді офтальмология бөлімшесінің меңгерушісі Гүлзат Абдраимова жүргізді.
Науқастың көру қабілетін сақтау және одан әрі асқынудың алдын алу үшін жедел хирургиялық араласу туралы шешім қабылданды.
— Іріңді жою және көз алмасына қысымды азайту мақсатында іріңді ошақты ашу жүргізілді. Сондай-ақ, іріңді мазмұнның тұрақты ағуын қамтамасыз ету үшін дренажды білте орнатылды. Бұл инфекциямен тиімді күресуге және оның қоршаған тіндерге таралуын болдырмауға мүмкіндік берді, — деп атап өтті Гүлзат Абдраимова.
Емдеуден кейін науқастың жағдайы айтарлықтай жақсарды. Іріңді қабыну толығымен тазартылды, ісіну тарап, қабақтың тіндерінің некрозы тоқтады. Дәрігерлердің уақтылы және білікті көмегінің арқасында көз алмасының функциялары сақталды.
Офтальмологтың айтуынша, орбитальды флегмона — қауіпті ауру, егер қажетті шаралар уақытында қабылданбаса, ол ауыр асқынуға және тіпті көру қабілетінің жоғалуына әкелуі мүмкін.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз