---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/05/27/meni%d2%a3-altajym-zhetinshi-arna-%d2%9bytajda%d2%93y-%d2%9baza%d2%9btar-zhajly-zha%d2%a3a-telehikaya-k%d3%a9rsetedi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# «Менің Алтайым». «Жетінші арна» Қытайдағы қазақтар жайлы жаңа телехикая көрсетеді

![«Менің Алтайым». «Жетінші арна» Қытайдағы қазақтар жайлы жаңа телехикая көрсетеді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/05/poster-meniң-altajym.jpg)

**Қытай қазақтарының тұрмыс-тіршілігі жайлы «Менің Алтайым» дорамасы қазақстандық көрерменге ұсынылады.**

Жаңа телехикаяны «Жетінші арна» көрсетеді. Телехикая 8 бөлімнен тұрады. Басты рөлді Қытайдың танымал актері Юй Ши сомдаған. Ол бұл телехикаяға түсу үшін арнайы қазақ тілі сабақтарына қатысып, сериалда Батай есімді қазақ жігітігінің рөлін сомдаған. Бұдан бөлек телехикаяға Шыңжаңда тұратын қандастар да түскен. «Менің Алтайым» телехикаясы Алтайда шағын дүкен ашқан Хань қызы Ли Вэньсю мен оның жанұясының жергілікті қазақтармен байланысы туралы. Онда Алтай аймағында тұратын қандастарымыздың бай және қайталанбас мәдениеті, тұрмыс-тіршілігі көрініс тапқан. iQIYI онлайн платформасы түсірген «Менің Алтайым» сериалының әлемдік тұсаукесері Канн телефестивалі аясында өтіп, сарапшылардыңі жоғары бағасын алды.

*«Сериал жақын күндері «Жетінші арна» эфирінен ұсынылады. Бұл туралы бүгін телеарна басшылығы және Қытай мемлекеттік телевидение, радио әкімшілігі мен iQIYI компаниясы өкілдерімен болған кездесуде келісім жасалды»*, — деп хабарлайды «Жетінші арнаның» баспасөз қызметі.

---

Жарияланды: 2024-05-27T12:28:20+06:00

Жаңартылды: 2024-05-27T12:28:20+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/05/27/meni%d2%a3-altajym-zhetinshi-arna-%d2%9bytajda%d2%93y-%d2%9baza%d2%9btar-zhajly-zha%d2%a3a-telehikaya-k%d3%a9rsetedi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.